• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2014

ФИФА Ресейді құрамынан шығарып тастағалы отырған жоқ

274 рет
көрсетілді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ресейді 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатына қатысушылар қатарынан шығарып тастағалы отырған жоқ. Бұл туралы ФИФА-ның бас хатшысы Жером Валькенің (суретте) сөзіне сілтеме жасаған америкалық БАҚ-тар ақпарын ИТАР-ТАСС хабарлады. Чемпионатты ұйымдастыру ережесі мен нормалары футболға қатысы шенеуніктерге жүрмейді. Ол осылайша АҚШ сенаторларының Украинадағы жағдайларға байланысты Ресейді 2014 жылғы әлем чемпионатынан шығарып тастау жөніндегі талабына ұлттық құрамалардың өз елдері мемлекеттік биліктері әрекеттері үшін жауапты болмайтынын айтып жауап қайтарды. 2014 жылғы наурыз айының басында америкалық сенаторлар Марк Кирк пен Дэн Коутс ФИФА-ның басшысы Йозеф Блаттерге Ресейдің ФИФА-ға мүшелігін тоқтатып, бұл елдің ұлттық құрамасын әлем чемпионатынан шығарып тастау және мемлекетті 2018 жылғы әлем чемпионатын өткізу жөніндегі құқығынан айыру туралы өтініш жолдаған еді. «Футболды саясаттан тыс дегеніміз әділдік болмас еді, - деді Блаттер осыған орай. – ФИФА-ны қазір әлемде қалыптасып отырған жағдай алаңдатады. Бразилияда 2013 жылы өткен Конфедерация кубогы кезінде футбол қоғамдық толқудың құрбаны болды. Енді жаздағы әлем чемпионаты кезінде бұл жағдай қайталанбайды деген үміттеміз». Блаттер қазірдің өзінде 2018 жылы Ресейде, 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионаттарына саяси қысым болып жатқанын айтты. «Футбол адамдарды ажыратпай, керісінше бір-бірімен қосуы керек, - деп атап өтті ФИФА басшысы. – Бүгінгі күрделі жағдайда футбол семьясын іштей бірігуге шақырамын. Бірлік деген – жәй сөз ғана емес, бұл демократияның негізін қалаушы қағидаттардың бірі. Өкінішке орай, футбол өзінің танымалдығы мен табыстылығының кепілі болып қалды. ФИФА мен барлық ұлттық федерациялар атынан мен өз күшімізді ойынды саясат пен саясаткерлердің араласуларынан қорғау жолында біріктіруге шақырамын». Блаттер өз сөзінде УЕФА президенті Мишель Платинимен қарым-қатынасы жөнінде мысал келтірді. «Көп жағдайда біздің көзқарастарымыз үйлеспей қалып жатады. Соған қарамастан, біз достығымыз бен бірлігімізді сақтап келеміз», - деп қорытты ФИФА президенті. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: ИТАР-ТАСС. Фото: ЕРА/SANTI CARNERI.