Мәжіліс депутаттары Гүлнар Бижанова мен Юрий Жулин Т.Күзембаев атындағы шахтаның еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында барысында әлеуметтік мәселелер соның ішінде, шахтерлердің зейнеткерлік жасын төмендету, азық-түлік пен жылжымайтын мүлік бағасының өсуі, жалақы төмендігі секілді маңызды сұрақтар талқыланды. Басқосу кезінде сонымен қатар шахталардағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жағдайлары да назардан тыс қалмады.
Мәжіліс депутаты Юрий Жулин көтеріліп отырған сұрақтардың барлығы Парламенттің басты назарында екенін алға тартты. Ауыр өнеркәсіп жұмысшылары үшін еңбек қауіпсіздігін қорғау өте маңызды мәселе болып отырғанын айтқан ол осы бағытта тиісті заң жобасына депутаттар тарапынан халықтың өтініш-шағымын ескере отырып, бірқатар маңызды норма енгізілгенін атап өтті.
«Мысалы, бүгінде жергілікті жерлердегі еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органға бағынады, ал біз керісінше инспекция Еңбек министрлігіне бағынады және жергілікті атқарушы органға тәуелді болмайды деп ұсынамыз. Сонымен қатар мемлекеттік инспектор құқықтық статистика органдарына және кәсіпорынға тексеру кезінде анықталмаған жағдайда, мұндай хабарлама жосықсыз жұмыс берушілерге кәсіпорындағы жарақаттану және басқа да тәртіп бұзушылықтар фактілерін жабуға мүмкіндік береді. Осының алдын алу және бақылаудың тиімділігін арттыру үшін біз кенеттен тексерулерді енгізуді ұсынамыз», деді Юрий Жулин.
Өз кезегінде Гүлнар Бижанова қызметкерлерді белсенді кері байланыс орнатуға, ұсыныстар білдіруге шақырды. Сондай-ақ ол қатысушыларға биылғы маусымда қабылданған конституциялық реформалар ең алдымен қоғамның мемлекетті басқару мәселелеріне ықпалын күшейту институтына бағытталғанын назарға алды.
Естеріңізге сала кетейік, Т.Күзембаев атындағы шахта 1955 жылдан бері жұмыс істейді, қызметінің негізгі түрі – тас көмір өндіру. Жалпы, баланстық қоры 195,8 млн тоннаны құрайды.
Қарағанды облысы