• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2014

Қарағанды облысында төрт вагон рельстен шығып кетті

217 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 мамыр. Қарағанды облысында жүк пойызының төрт вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы «Жолаушыларды тасымалдау» қызметіне сілтеме жасаған Today.kz хабарлайды. «2014 жылғы 30 сәуір күні 17 сағат 25 минутта Қарағанды жол бөлімшесінің Бабатай-Вишневка аралығында Ресей Темір жолына қарасты «Хилок» ААҚ кәсіпорны мен вагондардың иесі – «ВТБ – Лизинг» (РФ) кінәсінен  №25802 жүк пойызының «нефтетранссервис» ЖАҚ-тың жалындағы бос келе жатқан төрт вагон рельстен шығып кетті», - делінген хабарламада. «Қазақстан темір жолы» құрған арнайы комиссия алдын ала вагондардың жолдан шығып кетуіне параметрлердің сәйкес келмегені себеп болған деген тұжырымға тіреліп отыр. Ол жоспарлы жөндеу кезінде жіберілген. Осыған байланысты барлық шығынды «Хилок» жөндеу кәсіпорны мен вагондар егесінен өндіріп алу көзделеді. Апаттың орнын қалпына келтіру жұмыстарын Қарағанды темір жол бөлімшесі өз күшімен атқарып жатыр. Бұл пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ. Составтар көрші жолмен өтікізіліп жіберіліп тұр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Фархат Фазыл. Дереккөз: Today.kz. Фото: runews24.ru.