• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Желтоқсан, 2023

- 20 градус аяз: желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы 

6281 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанда желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желтоқсанның басында және бір айдың ішінде республикамыздың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Солтүстік өңірде қар, аракідік боран соғады, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ жиі орын алады, айдың басында еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады деп болжанады. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ығысуына байланысты бүкіл ел аумағында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Елдің батысында ауа температурасы: түнде: -10...-20 градусқа дейін, күндіз: -3...-13 градусқа дейін суық болады.

Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта ауа температурасы түнде: -20...-30 градусқа дейін, күндіз -10...-20 градусқа дейін болады деп күтіледі.

Республикамыздың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде: -10...-20 градусқа дейін, күндіз: -2...-10 градусқа дейін күн суытады.

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары жүреді деп күтіледі.

Қазақстанның солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -5...-10 градусқа дейін, күндіз: 0...-5 градусқа дейін жоғарылайды.

Елдің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -3...+3 градусқа дейін, күндіз: +5...+13 градусқа дейін болады.

Алайда жекелеген күндері солтүстік-батыстан енетін суық антициклондардың әсерінен температураның төмендеуі болжанады:

Еліміздің солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -20...-30 градусқа дейін, күндіз: -8...-15 градусқа дейі суытады.

Қазақстанның оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -10...-17 градусқа дейін, күндіз: -3...-10 градусқа дейін болады.

Жалпы болжам бойынша желтоқсан айында ел аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 1- градус жоғары болады деп күтіледі.

Желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстігінде нормадан көп болады деп болжанады.