• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Шілде, 2024

ШЫҰ саммиті: Астанаға Гурбангулы Бердімұхамедов келді 

117 рет
көрсетілді

Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді. Елорда әуежайында түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гурбангулы Бердімұхамедов алғаш рет өткізіліп отырған «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысады, ол «Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» ұранымен өтеді. Отырысқа байқаушы мемлекеттердің басшылары, құрметті қонақтар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар достық пен стратегиялық әріптестік негізінде дамып жатыр. Транзиттік-көлік саласында бірлескен өзара тиімді жобалар бар, газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша қадамдар белгіленген.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі $563 млн құрады, осылайша 2022 жылмен салыстырғанда 28%-ға ұлғайды. Биыл да оң үрдіс сақталды: 4 айда өзара сауда көлемі өсіп, $167,8 млн-ға жетті.