«Үш жылдан бері осы «танкілерді» жинаудамын. Жалпы, әскери техникаға құмарлығым бала күнімнен бастау алды. Арманым – танк тізгінін ұстау еді. Сондықтан «Русские танки» атты журналға жазылып оқудамын. Екі аптада бір рет Талдықорғанға үйіме келетін сол журналмен бірге түрлі танкілердің макеті де қолыма тиеді» дейді коллекционер – өңірлік «Білім шапағаты», «Жәрдем» газеттерінің бас редакторы Нұрым Нұрлыбеков.
«Т-34» маркалы «Жеңіс» танкісі, 1-ші Украина майданына қатысып 1945 жылы Берлинге дейін жеткен «ИС-2», әйгілі «Катюша», бірінші газбен жүретін «Т-80» барлығы 52 дана бұл «танкілер бүгінде Талдықорғанда сақталып тұр. Көрген жанның көзі тойып, көңілі серпіледі.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
ТАЛДЫҚОРҒАН.