• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:25

Рудныйда көпқабатты үйден шыққан өрттен адамдар құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 4 адамды құтқарып, 14 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Рудный қаласында Космонавтов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

ТЖД күштері автосатының көмегімен 4 адамды құтқарды. Сонымен қатар баспалдақ маршымен 14 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.

Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар