Филиппин астанасы Маниланың халқы тығыз қоныстанған кедей аудандарының бірінде өрт шықты. Жүздеген отбасы үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Manila Bulletin басылымының мәліметінше, 1000-нан астам ғимарат жанып кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.
Ірі өрт кеше түстен кейін Тондо ауданындағы тұрғын үй секторында басталған. Билік бесінші деңгейлі дабыл жариялап, тез таралған жалынды ауыздықтауға тырысқан.
Қостанайда саяжайдан өрт шықты
Оқиға орнында өрт сөндірушілер Филиппиннің Қызыл Крест ұйымымен бірлесіп жұмыс істеп, өртті оқшаулауға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар да шелекпен су тасып, алапат отпен күресуге әрекет жасаған. Кейбір отбасылар көшеде қалып, үйінді астынан аман қалған заттарын алып шығуға тырысты.
Манила әкімшілігі әлеуметтік қамсыздандыру және даму министрлігімен бірге зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек пен қолдау шараларын жариялады.
Рудныйда көпқабатты үйден шыққан өрттен адамдар құтқарылды
Өрт бүгін таңертең толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ, ал билік келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр.