Қазақстанда балалардың ішкі туризмін дамытуға бағытталған Kids Go Free бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында балаларға тегін әуе билеттерін рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kazakh Tourism басшысы Талғат Ғазизовтың айтуынша, бүгінге дейін бұл бағдарламаны 100-ден астам бала пайдаланған.
«Kids Go Free бағдарламасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күнге барлық қаражат бөлінді. Бізде осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатқан туристік операторлар тобы бар», деді компания басшысы.
Ұлттық парктерге келушілер саны бір жылда 900 мың адамға көбейді
Бағдарлама Қазақстан аумағында демуалушылар үшін ғана қолданылады. Ең танымал бағыттардың қатарында Алакөл мен Бурабай курорттық аймақтары бар. Ата-аналар демалыс орнын өздері таңдай алады.
Айта кетейік, бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 18 жасқа дейінгі балалар ұлттық парктер аумағына тегін кіре алатындығын айтқан болатын.