• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:42

Министр Михаил Шайдоровпен қандай келісімшарт жасалғанын айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровпен қандай келісімшарт жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша қазіргі уақытта олимпиада чемпионының жалақысына қатысты барлық мәселелер шешілген.  

«Михаилмен жасалған келісімшарт мәселесі шешілді. Бұл – стандартты шарт, оған тек олимпиада чемпиондары ғана емес, барлық спортшылар қол қояды. Біз оны БАҚ қысымымен жеке түрде әзірлей алмаймыз», деді министр Үкіметтегі брифингте.

Ербол Мырзабосынов спортшыға талаптар дұрыс түсіндірілмегенін айтып, осыған байланысты кінәлілер жауапқа тартылғанын атап өтті.

«Біз Михаилмен бірге келісімшартты қарап шықтық, екі тараптан да қорытынды жасалды. Коммуникацияда олқылықтар болған, дұрыс түсіндірілмеген. Қазір мәселе толық шешілді. Ең бастысы – алдағы маусымға дайындыққа көңіл бөлу. Екі тараптың да орындаушылары мен менеджерлері әкімшілік жазаға тартылды», деді ол.

Министрдің айтуынша, Шайдоровпен типтік үлгідегі келісімшарт жасалған. Ол олимпиада чемпиондары мен төмен деңгейдегі спортшыларға да бірдей міндеттер жүктейді. Келісімшартқа сәйкес, төленген қосымша қаржы кері қайтарылмайды.  

Айта кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоров ақпан айынан бері жалақы алмағанын мәлімдеген болатын. Кейін бұл мәселеге қатысты Туризм және спорт министрлігі түсініктеме беріп, спортшыға жаңа келісімшарт ұсынылғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ жақында спортшы 30 жас спортшының әрқайсысына 200 мың теңгелік сертификат табыс етті.

 

Соңғы жаңалықтар