Семейде қару асынған мас ер адам туыстарының үйіне қару асынып барып, итін атып өлтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, 7 маусым күні Қарағайлы ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін іздеп туыстарының үйіне барған. Осылайша қоқан-лоққы жасап, балағат сөздер айтқан.
Полицияның мәліметінше, мылтық тәркіленіп, күдіктінің көлігі айып тұрағына қойылған.
«Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары мас күйде болған ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Күдіктіден атыс жасалған мылтық тәркіленіп, оның көлігі айып тұрағына қойылды», делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Сонымен қатар күдікті көлікті мас күйде жүргізгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және қаруды сақтау қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғандағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздың қаза болу фактісіне қатысты сот үкімі шыққан болатын. Сот шешімімен қызметіне салғырт қараған батальон командирі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.