• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:44

Қарағанды облысында қыз бала суға батып кетті

Көкпекті ауылында 2011 жылы туған қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бір топ жасөспірім Көкпекті өзеніне барған. Ересектер өз ісімен айналысып жатқанда, балалар суға түсуге кеткен.

Бір сәтте қыздардың бірі су астына кетіп, көрінбей қалған. Оқиға куәгерлері құтқарушыларды шақырған. Қызметкерлер жедел түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Оқушы қыздың денесі жағадан шамамен 20 метр қашықтықта төрт метр тереңдіктен табылды.

Соңғы жаңалықтар