ҰҚК Қазақстаннан валютаны заңсыз шығарудың жаңа әрекеттерін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz
Атырау облысындағы «Құрманғазы» өткізу бекетінде Қазақстан азаматының 299,6 мың доллар көлеміндегі декларацияланбаған қаражаты анықталды.
Келесі күні Жамбыл облысында 102,5 млн рубль алып шықпақ болған алты шетелдік азамат ұсталды.
Жыл басынан бері жалпы сомасы 6,9 млрд теңгені құрайтын ақша қаражатын заңсыз шығарудың 681 әрекеті тоқтатылған.