• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

АҚШ-та Өзбекстан футболшылары қызметтік иттердің көмегімен тексеруден өтті

АҚШ 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысты ерекше оқиғаларымен көзге түсіп келеді. Бұл жолы көпшіліктің назары Өзбекстан құрамасына ауды, деп хабарлайды Egemen.kz

Нидерландқа қарсы жолдастық ойын алдында өзбек футболшылары мен бапкерлер штабы Нью-Йорктегі стадионға кірер кезде күшейтілген тексерістен өтті. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Кадрларда қауіпсіздік қызметкерлерінің арнайы қызметтік иттермен бірге Өзбекстан құрамасының ойыншыларын мұқият тексеріп жатқаны көрінеді.

Қосымша тексерістен команданың бас бапкері, аты аңызға айналған италиялық маман Фабио Каннаваро да өтті.

Бұл АҚШ-та өтетін алдағы мундиаль төңірегіндегі алғашқы даулы жағдай емес. Бұған дейін Иран құрамасына ойын күндерінен тыс уақытта АҚШ аумағында болуға шектеу қойылған еді. Команда Мексикаға жайғасып, АҚШ-қа тек матч күндері ғана келетін болды.

Сондай-ақ америкалық билік ӘЧ-2026 турниріне төреші ретінде шақырылған сомалилік арбитр Омар Артанды елге кіргізбей қойған.

Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты 

Соңғы жаңалықтар