• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну барысы туралы

256 рет
көрсетілді

26 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сай 2015 жылғы 26 сәуірге тағай­ын­далған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну басталды. 2 наурызда Асқар Жорабай­­ұлы Сыр­ғабаев өзін өзі ұсыну тәртібімен өз кандидатурасын ұсыну туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына өтініш берді. 3 наурызда, сондай-ақ, өзін өзі ұсыну тәртібімен Сафиолла Қалабайұлы Алда­­­жанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Төлегенұлы Абдукаримов және Сухраб Амин­жанұлы Мырзашов өз канди­датураларын ұсынды. Осылайша, қазіргі сәтте сайлау науқаны барысында бес үміткер ұсынылды. Олардың біреуі – әйел. «Қазақстан Республика­­­сын­­­­дағы сайлау туралы» Конс­титу­­­циялық заңның 54-бабы 2-тар­мағына сай президенттікке канди­даттың Конституция мен «Қазақ­стан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоя­­тын талаптарға сәйкестігін Орта­лық сайлау комиссиясы өзін өзі ұсыну туралы өтініш беріл­ген сәттен бас­­тап бес күннің ішін­де анықтайды, деп хабарлады Қа­зақ­­стан Рес­пуб­ликасы Орталық сай­лау комис­сия­сының баспасөз қызметі.