• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Медицина 27 Қаңтар, 2017

Дерек пен дәйек

7083 рет
көрсетілді

2005 жылдан бері Қазақ­стан экономикасына жұмсалған француз инвестициясының жалпы көлемі 13 млрд АҚШ долларын құрайды. 2015 жылдың қоры­тын­дысы бойынша екіжақты сау­да айналымы 3,35 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 2,68 млрд, импорт – 670 млн доллар болды. Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 130-ға тарта кәсіпорын сәтті жұмыс атқаруда, мәселен, «Total», «Areva», «Air Liquide», «Da­none», «Vicat», «PSA», «Alstom» сынды кәсіпорындар жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асырып келеді. 2015 жылғы 16 шілдеден 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін Франция азаматтарына Қазақстанға қысқа мерзімге сапармен келу (15 күн) үшін визасыз режім ұзартылды. Тұрақты түрде Фран­цияда тұрып жатқан этнос­тық қазақтардың қоғамдас­тығымен байланыстар бе­кі­тілді. Бірлескен мәдени және спорттық іс-шаралар өткі­зіліп тұрады. 2013 жылғы 18-19 мамырда Парижде Еуропа қазақтарының шағын құрылтайы өтті. Қазір француз компанияларымен бірлесіп, жалпы мөлшері 1 млрд-тан астам АҚШ долларын құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Ол жобалардың аясында мұнай өңдеу, машина жасау, инфрақұрылым, ғарыш секілді салаларды жандандыру көзделіп отыр.