АСТАНА. 12 қаңтар. Америкалық актер Стивен Сигал Сербия азаматтығын алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сербияның «Службени гласник» деп аталатын ресми басылымы белгілі актер, АҚШ азаматы, 1952 жылдың 10 сәуірінде Американың Мичиган (Лансинг, Ингхэм) штатында дүниеге келген Сигал Стивен Фредериктің Сербия азаматтығын алғанын хабарлады. Актерге азаматтық беру туралы шешімге Сербия үкіметінің төрағасы Александр Вучич қол қойып, бұл құжат 2016 жылдың 8 қаңтарында белгіленген.
Соңғы айларда Сербияға екі рет келген Стивен Сигал осы елдің басшылығымен кездескен еді. Ол сондай-ақ, балалармен, полиция өкілдерімен жүздесіп, жаңа жыл қарсаңында музыкалық тобымен бірге Белградтың көше концерттерінде өнер көрсеткен болатын.
Осы кездесулер барысында Сигал саяси тұрғыда бірнеше мәлімдеме де жасады. Ол соңғы уақытта Сербияның әділетсіздікке төзіп келгенін, АҚШ-тың сербтерге қатысты соқыр нанымда екенін, осы елдегі 1990-жылдардағы оқиғалар жөнінде қате пікір қалыптасқанын да ашық айтты.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: РИА «Новости».