• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Жүргізушілерге полицияны бейнекамераға түсіруге рұқсат берілді

338 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 қаңтар. Қазақстан Республикасында көлік жүргізушілері полиция қызметкерлерін заңды түрде бейнекамераға түсіруге рұқсат етілді. Бұл туралы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы» Заңына» өзгертулер енгізу туралы жобаны талқылауда. Жұмыс тобының жетекшісі депутат Галина Баймаханова осыған байланысты үкіметтен қорытынды хат алғанын мәлімдеді. Өздері ұсынған тармақтардың көбісі қабылданған. Оның ішінде: жоғары жылдамдықпен жүрген көліктерді тіркеу жиынтығы; қарсы бетке өтерде солға бұрылу немесе жол үстінде айналып өту жауапкершілігін қатаң қадағалау; полиция қызметкерлері тоқтатқан жағдайда жүргізушілер фотоға, видеоға түсіру құқығына иелік ету. Сондай-ақ, жол полициясы мүгедектердің мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізу куәлігінен айыруға құқылы. Осыған дейін мүгедек жандарға мас күйде көлік жүргізгені үшін ешқандай тәсіл қолданылмайтын. Үкімет тарапынан қолдау тапқан тағы бір ұсыныстардың бірі – полиция қызметкерлері тоқтатқан жағдайда жүргізушілер көлік ішінен шығуына құқылы. Айта кетейік, 2015 жылы «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қабылданған еді. Жұмыс тобы түзетулерді әлі де талқылап жатыр. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: tengrinews.kz.