• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Әуе қорғанысы күштері оқу жылын командирлік ұшулардан бастады (фото)

379 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 қаңтар. Қазақстан Әскери-әуе күштерінің барлық авиациялық базаларында жаңа 2016 оқу жылы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес командирлік ұшуларды ұйымдастыру мен өткізуден басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Осынау үшулардың мақсаты пилотаждау шеберлігінде ұшу дағдысын тағы бір мәрте бекіту және меңгеру болып табылады. Ұшу құрамымен алдын ала аталған жағдайларда ұшу даярлығының түрлері бойынша сабақтар өткізілді. Сонымен қатар басшылық ұшу құрамының білімі тексеріліп, әзірлігі бақыланды. Командирлік ұшулар басшылық ұшу құрамының тағы бір рет өзінің ұшу шеберлігін, машығын игеріп, жетілдіру үшін маңызды қадамның бірі болып табылады», деді Әскери-көлік авиациясының авиациялық жасақ командирі подполковник Саламат Сатыбалдин. Қазақстанның Әскери-әуе күштері үшін бұл жай дәстүр ғана емес, нақ осы кезеңде авиациялық бөлімдердің командирлері жаңа оқу жылындағы ұшулардың басталуының іргетасын қалайды. Алғашқы командирлік ұшулар көрсетілімді болып келеді. Бұл ұшу алдындағы даярлық, тапсырмалар беруден бастап талқылаумен аяқтай отырып, ұшуларды ұйымдастыру мен өткізудің өзіндік бір үлгісі іспетті. Алдағы ұшуларға мұқият жерүсті даярлық, рұқсатнамаға алуға, жаттығуларға сынақ тапсыру себеп болды. Ұшуларға авиациялық базалардың басшылық құрамы ӘӘК қолбасшысы басқармасының инспектор ұшқыштары қатысты. Командирлік ұшулардың тақырыбы әртүрлі болды, ол командирлермен айқындалып, авиациялық бөліммен шешілетін тапсырмаларға байланысты болды. Командирлік ұшуларда ұшақтар мен тікұшақтардың жаңа үлгілерін (түрленуін) игеру кезінде ұшу құрамын оқып-үйрету жөніндегі практикалық нұсқамалық дағдыны тексеру және пысықтай отырып, бірыңғай әдістеме әзірленді. Командирлік ұшулар барысында нұсқаушы ұшқыштардың нұсқаулық-әдістемелік білімдері тексеріліп, жеке машықтары жетілдірілді, сондай-ақ ұшуларды басқару тобымен экипаждардың өзара іс-қимылы пысықталды. «Осы күні әскери әуейлақтарда жинақтаған тәжірибесін жас мамандарға көрсете және бөлісе отырып, тек қана жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды», деп атап өтті ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов. Командирлік ұшулардың мақсатына қол жеткізілді. Ұшуларды ұйымдастыру мен орындау, шеберлікті, жауынгерлік дағды мен ұшулар қауіпсіздігін арттыру жөнінде авиациялық базалардың басшылық құрамына ұсынымдар әзірленді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.