• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Әріптестік бағдарламасына қызығушылар артуда

221 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 қаңтар. Бүгінде Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасына қатысуға 50-ден астам өтінім келіп түсті. Сондай-ақ, 15 қатысушы бағалаудан өтті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану объектілерімен қатар, сұлулық салондары, SPA-орталықтар, химиялық тазарту, кір жуу секілді қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар да бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. «Әріптес» статусын беру үшін арнайы бағалау комиссиясы жұмыс істейді. Айта кетейік, өткен жылы күзде Астанада Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның мақсаты ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде қонақтарды қарсы алу үшін көрсетілетін туристік қызметтер сапасын арттыру, сондай-ақ, елорданы тартымды туристік орталық ретінде одан әрі дамыту үшін осы саладағы жағдайды жақсарту болып табылады. Бағдарламаның ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ. Аталған жоба аясында объекті ұсынатын қызметтердің деңгейі мен сапасы бойынша қатысушылар біліктілігінің жүйесі әзірленді. Қатысушы әріптестіктің төрт категориясына үміттене алады: «Қала әріптесі», «Қола әріптес», «Күміс әріптес» және «Алтын әріптес». Егер қазіргі кезеңде белгілі бір объекті «қола әріптес» біліктілігіне сай болса, ол өз бизнесін жақсартып, жетілдіріп, одан жоғары статусқа үміттене алады. Бағдарлама талаптары түзетуге көп қаржы жұмсалмайтын туристерге ұсынылатын қызметтер сапасына қатысты. Оның талаптарымен www.astana.gov.kz сайтындағы Ақпараттар бюросы бөлімінде танысуға болады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: astana.gov.kz.