• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Алмира – «Ғұмырдария» жеңімпазы

399 рет
көрсетілді

Ақкөл ауданындағы Өр­нек ауылының 9-сынып оқу­шысы Алмира Каукенова Ал­маты қаласында өткен рес­публикалық «Ғұмырдария» теле­фестивалінде жас әншілер арасында бірінші орынды иемденді. Аудандық білім бөлі­мі­нің әдіскері Ханша Ақтыш­қан­қызының айтуынша, аталған өнер додасына еліміздің барлық өңірінен және Қытайдан 1000-ға та­рта балауса өнерпаз қатысқан. Ақ­мола облысының намысын қор­­ғау құрметі ауыл мектебінің оқу­­­­шысы А.Каукеноваға бұйыр­ған. Телевизиялық түсірілімдер «Алматы» және «СТВ» арналары арқылы, бірнеше кезеңде жүргізілді. Алмира ақтық бай­қауда «Эстрадалық шеберлік» ата­лымында өнер көрсетіп, «Ана жүрегі» әнін тамылжыта шыр­қады. Беделді қазылар алқасы ақмолалық жас талантты үздік деп таныды. – Бұл менің үлкен сахнада үшінші рет өнер көрсетуім, – дейді Алмира қуанышына құтты болсын айтқанымызда. – Алдыңғы жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған «Жырлайды жүрек» республикалық байқауында жүлделі үшінші орын алып, лауреат атандым. Одан кейін Аста­нада ән салдым. Былтыр ха­лық­ара­лық «Ғұмырдария» ән бай­қауына шақыру алдым. Қатты толқыдым. Өйткені, оған қатысқан құрбыларымның барлығы керемет өнерпаздар еді. Жолым болып, жеңімпаз атанғаныма, алтын медаль­ға ие болғаныма қатты қуандым. Енді Алмира Каукенова ел та­­ныған жобаның кезек­ті те­ледидарлық бағдарла­ма­ларына қатысатын болады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Ақкөл ауданы.