• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Айшықталған Арман

312 рет
көрсетілді

Ақтөбеліктер мен қа­ла қонақтары Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне қанша уақыт қалғанын бақылау мүм­кіндігіне ие болды. Уақыт есе­­бін көрсететін алып LED экрандар қаланың бес жеріне орналастырылды. Аптаның кез келген күнінде, күндіз де, түнде де көшелердегі жарық диодты алып экрандардан еліміздегі ең маңызды тарихи оқиғаға қанша уақыт қалғанын көруге болады. – Үлкен экранның жанынан күн сайын өтемін. Ондағы Тәуелсіздік күніне дейінгі уақыт мөлшерін көр­сететін күнтізбе назарымды ерекше аударады. Мен бұдан еліміздің тарихына деген құрметті көремін. Осы шараның арқасында, тіпті, кішкентай бүлдіршіндеріміз де тарихи күн туралы хабардар болуда, – дейді Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеттің студенті Жә­дігер Бөпеліков. Мерейтойға арналған жаңа мерекелік шара туралы жайдарманшы Жанар Жорабаева алып экранда Тәуелсіздік мерекесіне дейін қанша күн қал­ғанын көрсететін есеп­те­гіштің бар екенін досы екеуі бірден байқағанын жеткізді. Ол бұл ерекшелік барлығына ұнайтынын тілге тиек ете ке­ліп, халқымыз өзінің тарихын білуі тиіс екендігін айтты. – Қазақстан – жас, тә­­­уел­­­сіз мемлекет. Бұл бастама – өте маңызды. Біз болашаққа сенімді түрде қараймыз. Ал Тәуелсіздігіміздің мерейтойы­на дайындық жұмыстары – жастарымыздың еліміздің дамуына қосып отырған үлесі. Өйткені, әрбір қазақстандық – өз Отанының патриоты! – дейді ол. Айта кету керек, соңғы кездері өңірде үлгі алатын өнегелі істер жүзеге асырылуда. Соның бірі жақында Ақтөбеде еліміздің барлық облыстарында жалғасын табатын «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты республикалық жал­­пыұлттық жобаның бас­тау алуы болды. Ауқымды ме­рекелік шараға 4 мыңнан аса адам қатысты. Олардың арасында ардагерлер, жас­тар және мемлекеттік емес ұйымдар мен этноұлттық бірлестіктердің өкілдері болды. Бұдан өзге, Тәуел­сіз­ді­гі­міздің 25 жылдығында қол жеткізген жетістіктерді кеңі­нен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыстың аудандарына үгіт пойыздары мен ақпараттық топтар жіберілді. Ақтөбеліктер осындай қадамдар арқылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын асыға күтетіндіктерін және оған тиянақты дайын­да­ла­­­­тын­дықтарын айқын аң­ғартуда. Иә, ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».  Ақтөбе облысы.