• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

152 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Украина Президенті Қа­зақ­станға өзінің ресми сапары кезін­дегі жылы шырайлы қабылдау және келіссөздер үшін алғыс айтты. Мемлекеттер басшылары сау­даның баламалы жолдарын пай­даланудың жаңа жағдайындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Украинаның оң­түс­тік-шығысындағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Қазақстан Президенті қақтығыс түйінін тарқату және Украина мен Ресей арасындағы шиеленісті ше­шу ісінде мәмілеге келуге ша­қыр­ды. Телефон арқылы сөйлесуге Ук­раина жағы бастамашы болды.