• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Бразилияда түрмеден 46 адам қашып шықты

284 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 қаңтар. Бразилияның Натал қаласында 46 жазасын өтеуші түрмеден қашып шықты. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жазасын өтеушілер бұл операцияға тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Нақты айтқанда, ұзындығы 40 метр болатын жер асты жолын қазып, сол арқылы қашып шыққан. Куәгерлердің айтуынша, қашқандардың кейбірі таксимен, ал қалғаны жаяу кеткен. Түрме қызметкерлері олардың көбі ұрлық жасағандары үшін сотталғандар екенін айтуда. Көп ұзамай қашып шыққандардың жетеуі қолға түсті. Қазіргі таңда басқаларын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық сот судьясы Генрик Балтазардың сөзіне қарағанда, аталған түрме негізі 216 адамға арналған. Алайда, онда бүгінде 430 қылмыскер жазасын өтеуде. «Түрмедегі жағдай уақыт өткен сайын ушығып барады. Билік бұл жақтағы тәртіпті бақылауда дәрменсіздік танытып отыр. Оған түрмелердің лық толы болуы себеп. Ал үкімет жаңа түрмелер салуға мүдделі емес», – дейді судья. Еламан Қоңыр. Дерек: 24.kz. Сурет: haqqin.az.