• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Samsung компаниясы «ақылды» тоңазытқыш шығарды

432 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 қаңтар. Samsung компаниясы Лас-Вегаста өтіп жатқан Consumer Electronics Show 2016 көрмесінде азық-түліктің бұзылғанын ескертетін ерекше тоңазытқышты ұсынды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Family Hub деп аталатын тоңазытқыштың ақылдылығы сол, адамнан ешбір қалыспайды. Оның басты қызметі – ішінде тұрған азық-түлік пен тамақ өнімдерінің жарамдылығы немесе бұзылғандығын иесіне хабарлау. Сондай-ақ, Family Hub іште тұрған қай тамақтың жуық арада таусылатынын айтып береді. Бұл ақпаратты ол өз иесінің смартфонына жібереді. Қажетті күйге келтірілген жағдайда, тоңазытқыш ғаламторда азық-түлікке тапсырыс та береді. Айта кетейік «Ақылды тоңазытқыш» көптеген функцияларды үлкен экраны арқылы атқарады. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.