• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Парламент сайлауын өткізу туралы Президенттің баспасөз хатшысы жауап берді

253 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 қаңтар. Мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуге қатысты ақпараттық агенттіктерден түсіп жатқан сауалға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев жауап берді. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өз жауабында Дәурен Абаев: «Депутаттардың Мәжілісті тарату мен мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасы жөнінде Президент, әрине, хабардар. Бұл мәселе бойынша әзірге шешім қабылданбады. Өйткені, жан-жақты сараптау қажет. Нұрсұлтан Әбішұлы, алдымен қоғамның және елдегі жағдайды ескере отырып, таразылайды деп ойлаймын. Сондай-ақ, Конституцияға сәйкес, Елбасы Парламенттің қос палатасының спикерлерімен және Премьер-министрмен кеңес өткізеді. Осыдан кейін ғана нақты шешімді білетін боламыз», – деді. Еламан Қоңыр. Дерек: inform.kz. Сурет: newskaz.ru.