ОРАЛ. 12 қаңтар. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында құрылысшы 9-қабаттан құлап, қаза тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға кеше сағат 17:00 шамасында 5-шағын ауданда «Орал» сауда ойын-сауық орталығы маңындағы құрылыс алаңында болған. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаза тапқан 1986 жылғы құрылысшы «Болашақ-Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы.
Қазіргі таңда бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: rrnews.ru.