• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №613

560 рет
көрсетілді

2015 жылғы 4 желтоқсан, Астана қаласы Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға(жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш.Тәжіяқов) заңнамада бекітілген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2016 жылдың 6 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №613 бұйрығымен бекітілген Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі –Заң) және қаржы мониторингі субъектілерінің терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын, сондай-ақ онымен бірге тұратын, өз бетінше алатын табыс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу тәртібін айқындайды. 2. Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жалақы, зейнетақы, степендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер түріндегі қаражатты алуға Заңның 12-бабы 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ онымен бірге тұратын, өз бетінше алатын табыс көздері жоқ отбасы мүшелерінің құқығы бар. 3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады: 1) уәкілетті орган –Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган; 2) терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің интернет-ресурсында орналастырылатын уәкілетті орган жасайтын терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі. 2. Қаражат төлеу тәртібі 4. Өзінің өмір тіршілігін, сондай-ақ өз бетінше алатын табыс көздері жоқ онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің өмір тіршілігін қамтамасыз ету үшін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу үшінтерроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға жалақы, зейнетақы, степендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер түріндегі қаражатты төлеуді қаржы мониторингі субъектілері жүзеге асырады. 5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар өтініш жасаған кезде жалақы, зейнетақы, степендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер түріндегі қаражатты алу, сондай-ақ салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу үшін қаржы мониторингі субъектілері көрсетілген тұлғаларды сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдайды. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға жалақы түріндегі ақша қаражатын төлеу үшін жұмыс орнынан жалақы мөлшері туралы анықтама қосымша сұратылады. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның онымен бірге тұратын, өз бетінше алатын табыс көздері жоқ отбасы мүшелері үшін Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жалақы түріндегі ақша қаражатын төлеу үшін қосымша мынадай құжаттар сұратылады: 1) туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәлігін қоса, отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат; 2) неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің түпнұсқасын немесеазаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама; 3) отбасының әрбір мүшесіне бір мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын мекенжай анықтамалары; 4) отбасының әрбір кәмелетке толған мүшесіне жұмыссыздық туралы анықтама. 6. Қаржы мониторингінің субъектілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекітуге сәйкес осы Қағидалардың 2-тарағында көрсетілген тұлғаларға жалақы төлеу бойынша күдікті ретінде операцияларды тануға және уәкілетті органға оны өткізгенге дейін мұндай операция туралы дереу хабарлайды. 7. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген хабарламаны алғаннан кейін, ол алынған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде операцияны жүргізу не оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданатын үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде күдікті операцияны жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды және оны электрондық тәсілмен немесе қағаз тасығышта күдікті операция туралы хабарлама ұсынған қаржы мониторингі субъектілерінің қаперіне жеткізеді. 8. Қаржы мониторингінің субъектілері Заңның13-бабының 5-тармағына сәйкес операция жүргізу туралы уәкілетті органның шешімін алғаннан кейін Заңның 12-бабының 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жалақы түріндегі терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға ақша қаражатын төлейді. 9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақы, зейнетақы, степендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер түріндегі ақшамен немесе өзге де мүлікпен операциялар жүргізу, сондай-ақ салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеуді жүргізутуралы шешімдіқаржы мониторингі субъектісі өз бетінше қабылдайды. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12823 болып енгізілді.