• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2016

Жаттығуда – 30 мың студент

212 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. Сақалына шіркей ұялап ұлан-ғайыр қазақ жерінің бір пұшпағын жау қолына бермеймін деп бес қаруын асынып, ат үстінен түспеген ата-бабаларымыз армандап өткен Тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл толады. Оған деген құр­мет ешқашан бәсеңдемеу керек. Оңтүстік Қазақстан об­лы­сындағы 11 жоғары оқу орн­ының студенттері осынау ме­рейлі мерекеге өз үндерін бір мезет­тегі жаттығу үлгісі­мен көрсетті. Бұл шараға 30 мыңға жуық студент қатыс­ты. Іс-шараға негізінен Шым­кенттегі Оңтүстік Қазақстан педагогикалық инс­титуты мен М.Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік уни­вер­ситеті жандарын салды десе болады. Осы екі ірі оқу орнының бір мыңға жуық студенті жаттығуға қатысқан. Сондай-ақ, Түркістан қала­сындағы ХҚТУ мен Мақтаарал ауданындағы «Сыр­дария» университетінің сту­денттері де қалыс қалма­ды. Таңертеңгілік бір мезет­тік жаттығуды ұйымдасты­рушылар жастардың басын осындай шараға біріктіру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, атқан таңдай жа­рық сәулесін шашқан Тәу­елсіздікке құрмет, ата-баба­ның орындалған арманына ізет дегенді айтады. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». ШЫМКЕНТ. Суретті түсірген Қайсар ШЕРІМ.