• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2016

Семинар-тренинг мақсаты – тәжірибе алмасу

1300 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту: «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру міндеттері мен технологиялары» тақырыбындағы 3 күнге созылатын республикалық семинар-тренинг басталды. Алғашқы күнгі шараға аталған ака­демияның ректоры Болатбек Әбдірәсілов, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылы­ғының, министрліктердің, Қазақстан Жа­­зушылар одағының, Қазақстан Пре­­зиденті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері және академияның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Этносаралық және конфессияаралық қатынастар мә­селелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілердің, этно­саясаттанушылардың, ішкі саясат, дін істері, тілдерді дамыту басқармалары мамандарының, өңірлік ҚХА хатшы­лықтары мен өңірлердің этномә­дени бірлестіктері өкілдерінің, білім беру орта­­­­­лық­тары мен жоғары оқу орындары ғалымдарының, сарапшылардың алдында сөз алған Болатбек Әбдірәсілов: «Бұл – өте күрделі мәселе. Дегенмен, біз Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын, 5 институттық реформаның 4 бағытын жүзеге асыру барысында өткен жылы біраз жұмыс атқардық. Нормативтік-құқықтық база құрылды, бірқатар негіз қалаушы құжат әзірленді. Аталған реформаның 4-бағыты аясында өткізіп отырған жұмыстарымыздың негізгі мақсаты, идеясы – Болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру», – деді. Жиын барысында спикерлер «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында айқын­далған жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастыру міндеттерінің маңызын жан-жақты ашып көрсетіп, жаһандану жағдайындағы мемлекеттік этносаясаттың жаңа міндеттері мен басымдықтарын түсіндірді. Сонымен қатар, шараға қа­ты­сушылар жалпыұлттық бірлік пен бі­ре­гейлікті қамтамасыз ету аясында мем­лекеттік органдар мен азаматтық сектор ара­сындағы өзара қатынастың қағидаттары мен әдістерін, этноәлеуметтік, этносаяси және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару тетіктерін қарастырды. «Мәңгілік Ел» идеясының мәдени-философиялық негіздері мен мемлекеттік-азаматтық сәй­кестілікті қалыптастыру үдерісін жетілдіру жолдарын талқылады. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, семинар-тренинг қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша пікір алмасу және жұмыс тәжірибесімен бөлісу үшін пікірталас алаңын ұйымдас­тыруға мүмкіндік бермек. Ал семинар бары­сында қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша пікір алмасу және жұмыс тәжірибесімен бөлісу үшін пікірталас алаңдары ұйымдастырылады. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».