• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2016

Партия қатарында – жаңа азаматтар

469 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» саяси партиясының Алматы қалалық филиалында партия қатарына жаңа мүше ретінде бірқатар азаматтарды қабылдау рәсімі болып өтті.  Аталған жиынға «Нұр Отан» саяси партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Аманжолова, партияның Саяси кеңес мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шараның маңыздылығына тоқталып, партия жүзеге асырып отырған жаңа бағдарламалар мен жобаларды ретімен таныстыра келіп, З.Аманжолова 900 мыңға жуық мүшесі бар «Нұр Отан» партиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев міндеттеген тапсырмаларды бұлжытпай жүзеге асыруға атсалысып келе жатқанын, қала бойынша партия құрамына мүше болу үшін тұрғындар қатарынан өтініштің көптеп түсетіндігін айта келіп, партияның жаңа үлгідегі мүшелік билеттерін табыс етті. – Жыл басынан бері қала бо­йынша 9207 адам партия қатарына қабылданып, 17 бастауыш партия ұйымы ашылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғасын таба беретін болады. Партия қатарына бүгін қабылданып отырған азаматтарға біз зор сенім мен үміт артамыз. Алдағы уақытта партия жұмысын күшейтуге және тың идеяларын жүзеге асыруға барынша атсалысатындықтарыңызға сенімдіміз, – деді өзінің құттықтау сөзінде Зәуреш Жұманәліқызы. Айта кетсек, бұл күні партия қатарына қабылданғандар қатарында Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ақы­лы медициналық қызмет басқар­масының директоры Манас Рама­занов, №26 аурухананың бас дәрігері Айгүл Тұрысбекова, «Каз­лег­пром-Алматы» ЖШС-нің қар­жы директоры Дана Қаражанова, Білім саласындағы жаңа технология қалалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Андрей Дупик, «Маслодел» ЖШС-нің директоры Владимир Кулишов, «Кастинг» ЖШС-нің директоры Виталий Чевтаев бар. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.