• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2016

Министрліктің мақсат-міндеті айқын

373 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыды­рысов сыртқы саясат ведомствосы басшылығының аппараттық кеңе­сін өткізді. Онда Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігінің үсті­міздегі жылғы 3 ақпанда өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде алға қойған тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қарастырылды. Алқа мәжілісінде негізгі та­қы­рып сыртқы саясатты сыртқы экономикалық құрамдасты күшей­ту арқылы экономикаландыру болғаны белгілі. Ал бұған еліміз Сыртқы істер министрлігіне қарас­ты қазақстандық және шетелдік мекемелер атсалысулары тиіс. Осыған орай, Е.Ыдырысов ведомс­тво қызметкерлерін Президент жариялаған тапсырмаларға сәйкес өз жұмыстарының тиімділігі мен жеделдігін арттыруға бағдарлады. «Мемлекет басшысы бізге әлемде қазіргі қалыптасқан эко­но­микалық ахуал, бірінші кезекте, «экономикалық дипломатияның» тәсілдері мен құралдарын кеңей­туді жетілдіруді талап ететінін дұрыс көрсетіп берген болатын. Бүгін сыртқы саясат ведомствосы қызметінің шешуші бағыты шетел инвестицияларын тарту, индустриялық-инновациялық жо­ба­ларды, «Нұрлы Жол» бағдар­ламасын жүзеге асыруға ықпал ету екені сөзсіз. Сыртқы істер ми­нистрлігі әрі қарай да еліміз­дің сыртқы сая­си және сыртқы экономикалық мүдделерін ілге­рі­лету, Қазақстанның халықаралық беделін дәйектілікпен нығайту және шет мемлекеттермен екіжақ­ты ынтымақтастықты дамыту үшін барынша күш-жігер жұмсау ниетінде», – деп атап көрсетті Е.Ыдырысов. Министрдің сөзіне қарағанда, жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында, қазақстандық дипло­мат­тардың күн сайынғы жұмы­сының негізгі бағдары алға қойыл­ған міндеттерге қол жеткізу үшін пайдаланылатын күш-жігер мен құралдарды оңтайландыруға ба­ғытталуы тиіс. Осыған байланыс­ты Сыртқы істер министрлігінің шетелдердегі мекемелерінің эконо­микалық бөлімдерінің жұмы­сын күшейту бойынша кешенді шара­лар қабылдау, олардың мүдде­лі мемлекеттік органдар мен қазақ­стан­дық компаниялармен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру тапсырылды. Кеңесте, сондай-ақ, шет мемлекеттердің ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне кең көлемді және мазмұнды қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыру мүмкіндіктері талқыланды. Министр соңғы жылдардың үрдістері мен бүгінгі күн шындығы біздің көпвекторлы сыртқы саясатымыздың стратегиялық маңыздылығы мен абсолютті дұрыстығын қуаттап бергенін қаперге салды. Сыртқы сая­сат ведомствосының басшысы 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары Қазақстанның эволюциялық дамуы мен жаһандық қатынастар жүйесіне дәйекті интеграциялануы тұрғысынан әлемдік қоғамдастықтың тарапынан оң қабылданып отырғанын атап көрсетті. Ол сондай-ақ, «Қазақ­стан-2050» Стратегиясын, «Мәңгі­лік Ел» идеясын еліміздің әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы туралы тұжы­рым­даманы жүзеге асыру ыңғай­ында ел ішінде саяси, экономи­калық және әлеуметтік жаңғыр­тулар аса қажет екенін көлденең тартты. Ал мұның барлығы, түптеп келгенде, еліміздің мүддесін ха­лықаралық аренада қорғау дегенді білдіреді. Бұл еліміз Сыртқы істер министрлігінің жұмысындағы басымдық болып келді және болып қала береді. Сәулебек БІРЖАН.