ТАРАЗ. 6 ақпан. Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз-орталығында Жамбыл облыстық өңірлік сайлау комиссиясының төрағасы Махметқали Сарыбековтың қатысуымен брифинг өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Брифинг барысында Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарға сайлауды жүзеге асыратын облыстық өңірлік комиссия дайындығы мен өткізу барысы туралы баяндады.
Жамбыл облысының аумағында 681 сайлау комиссиясы бар. «Қазіргі таңда Жамбыл облысында 2016 жылдың 20 наурызында өтетін Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарға сайлауды жүзеге асыратын облыстық өңірлік комиссия дайындықты күнтізбелік жоспар бойынша жүргізуде. Бұл жоспар ОСК бекітілген болатын. Бүгінгі таңда ол уақытылы орындалды. Облыстық, қалалық, аудандық газеттерде сайлау учаскелерінің материалдары жарияланды. Жамбыл облысында сайлау учаскелері бойынша дайындық белсенді жүруде. Өңірде 464 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 4 қосымша учаске ашылды. Оның үшеуі Таразда болса, біреуі Құлан ауылында. Жұмыс барысында біз сайлау комиссиясының мүшелері әсіресе учаскеліктерде ҚР Конституциясының нормаларын ұстанады. Олар шетелдік сайлау заңдарын да білулері керек. Тұрғындардан сұрақ туындаған жағдайда олар жауап беруге дайын болуы керек. Біз осы сайлауда олқылық жібермеу үшін, өткен сайлаулардың тәжірибесіне сүйенеміз. 28 қаңтарда облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктерде облыстық сайлау комиссиясы таныстырылады. 4 наурызға дейін ОСК-да сайлаушылардың тізімі болуы керек. Қазір тізімді нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілуде», дейді Махметғали Сарыбеков.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі сайлауды өткізу мен дайындық барысы жайында қойылған өзекті және маңызды сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар қатарында қаржылық, материалды-техникалық, ұйымдастыру мен құқықтық қамтамасыздандыру, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, сайлау комиссияларының қызметі жайында болды.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz