• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2016

Ақтау теңіз порты бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді (фото)

420 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 ақпан. Қазақстан Ресупбликасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Үкімет басшысының Бірінші орынбасары Ақтау қаласына келісімен халықаралық сауда теңіз портының қызметімен танысты. Осы жерде күніне 40 жүк көлікке дейін тіркеледі екен. Сондықтан жүргізушілер уақытының көбісін кезекті күтумен өткізеді. Бақытжан Сағынтаев жергілікті билік органдарына осы мәселені шешуді тапсырды. «Біз бизнеспен дұрыс жұмыс жасамай отырмыз. Оларға жағдай жасауымыз керек. Мен бірнеше сағат кезегін күтіп отыратын жүргізушілерді жақсы түсінемін. Біз жүктерді тіркеу үшін көліктерді сағаттап кезекте күттіргізіп отырғызбауымыз керек. Қазір Қаржы министрлігі бір терезе қағидасымен жұмыс істейтін технологиялық жүйе жасап шықты. Осы жүйе бойынша портта жүкті тексеріп, оын тез рәсімдеуге болады. Бұл жүктерді тіркеуді жеңілдетеді», деді ол. Жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары жергілікті мемлекеттік органдар мен теңіз портының басшылығына аталған жүйені енгізуді тапсырып, оның жұмысын бір аптадан кейін қайта келіп, тексеретінін айтты. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: «MangystauOnline» ақпарат орталығы.