АЛМАТЫ. 8 ақпан. Халықтық дәстүрлі ай күнтізбесі талаптарына сәйкес Аспан асты елі айтулы күнді 1914 жылдан бастап – жаңа жыл мерекесі ретінде тойлап келеді. Бұл туралы «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мұрағаттар бойынша, Қытайда ай күнтізбесіндегі жаңа жылды тойлау біздің заманымызға дейінгі XVII-XI ғасырларда Шань империясы тұсында басталған. Мереке күндері халық табынушылары мен ата бабаларына арнап құрбандық шалған. Үзбей жалғасқан дәстүр Цин империясы дәуірлеген кезде бірнеше атаумен мерекеленді.
1911 жылғы Синхай революциясынан кейін елде григориан күнтізбесіне орай 1 қаңтарға мән беріле бастады.
1949 жылдың 27 қыркүйегінде Қытайда 1 қаңтар – «Юаньдань», ал қытайлық жаңа жыл – «Чуньцзе» деп ресми атау алды. Бүкілқытайлық кеңестің бірінші мәжілісінде халықтық саяси ақылдастар алқасы осындай түпкілікті шешім қабылдады. Осыған орай, бүгін Қытай Халық Республикасына мешін жылы келіп кірді.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: «Синьхуа».