АСТАНА. 8 ақпан. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономды ауданында сел жүріп, 6 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 4 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға Цзиншэн елді-мекенінде болды. Қазіргі сәтте құтқару тобы көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мерт болғандар мен жоғалып кеткендердің туыстарымен арнайы психолог мамандары жұмыс істеуде.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: aif.ru.