АСТАНА. 8 ақпан. Ұлыбританияда төсекке таңылып жатқан ер кісі түнде қуаттауға қойған айфоны жарылып кеткеннен қайтыс болды. Бұл туралы ras.kz ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
Басылымның жазуынша, электр қуатына қосылып қойылған айфонның гаджеті қызады, сосын одан өрт шығады. Рединг қаласының төсектер жатқан тұрғыны жұртты көмекке шақырып та үлгере алмайды. Тез бөлме ішін жаулап алған түтін оның тыныс жолдарын бітеп тастайды. Сөйтіп жатып, жантәсілім етеді.
53 жастағы Марек Крюгердің орнынан тұра алмай қалғанына екі жыл болған екен. Бұған миындағы ісік әсер еткен. Ол өз айфонын үнемі қолында ұстайды екен. Көп жағдайда осы қондырғының көмегімен интернет-магазиндердің қызметін пайдаланған.
Ал денесінің 64 пайызын күйік шалған жоғарыдағы оқиға өткен жылғы тамыз айында болған. Алайда, ісі тергеу таяуда ғана аяқталған.
Сараптама айфонның батереясы қызып кеткеннен тұтанғанын анықтаған. Лап еткен от Крюгердің төсегіне қарай өрмелей жөнеледі. Жалпы, бұл смартфондардың адамдардың қарап еткен бірінші оқиғасы емес.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: ras.kz.