Қазақша сөйлеші, театр…

…«Абай» трагедиясы – симфо­ния, ал симфонияны балалай­ка­мен ойнаса не болар еді? Сен­дер балалайкашысыңдар, деп Қалибекті де, мені де, бүкіл коллек­тив­ті де қатты мұқатып, күдер үзе, автор Семейге жүріп кетті».
Егемен Қазақстан
15.01.2017 1529

DSC03931 - копия-3

Бұл – қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың Абай бейнесін сахнаға шығару  барысындағы шығармашылық ұжымға үлкен сабақ болған, жігерін жаныған тарихи сәтті суреттеген естелігінен үзінді. Ғұлама Мұхтар Әуезовтің сөзге деген жауапкершілігі бүгінгі сахна саласы мамандарына ғұмырлық үлгі болуға тиіс. Әсіресе, актерлер қауымы үшін сөздің салмағы сынаптай, артар жүгі де сондай ауқымды. Әлемдік классикаға бармай, Шекспир шығармаларын шарламай-ақ, төл драматургиямыздың тау тұлғалары – Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсірепов мұрасының тереңіне бойлар болсақ, теңдессіз қазына – көрермен үшін де, актерлер қауымы үшін де тіл ұстартудағы үлкен мектепке жолығар едік.

Міне, қазақтың қазақтығын танытатын осы трагедияны зерттеу барысында «Абайдың» бірнеше театр­дан дәл сонша нұсқасын тамашалау бақыты бұйырған еді бізге. Сондағы байқағанымыз, ұлы ақынның «тіл ұстартып, өнер шашпақ» мақсаты – актерлер ойынында әлі де олқы түсіп жатқандығы. Бұл жалғыз ғана «Абай» емес, қазақы бояуы қанық бедерленген қойылымдардың көпшілігінде кездеседі. Классикалық туындыға батыл кіріскен сахнагерлердің көбісі әлі «н» мен «ң» әрпін ажырата алмайды. Үні қазақы құнарға кедей. Сөз мағынасын түсініп айтпайды. Небір жүрек толқытар репликаларда екпін дұрыс қойылмайды. Соның салдарынан шүлдір-былдыр күлдібадам «әңгіме» тыңдап қайтасыз театрдан. Қазақша спектакль көресіз, бірақ бір ауыз сөзін түсінбей шығатын жайттар да соңғы кезде тым-тым жиі ұшырасып жүр, өкінішке қарай.

Мұның салдарын, әлбетте, күн­де­лікті өмірдегі ауызекі сөз саптасымызды ешбір сүзгіден өткізбей, үлкен өнер туатын киелі сахнаға өзімізбен бірге алып шығатындығымыздан ізде­геніміз қисындырақ болар. Өйткені, шымылдық артында қазақша екі ауыз сөзді дұрыс айтпай, орысша шүлдірлеп жүрген актердің сахнада Керім мен Оразбайды, Мағыш пен Әбішті, Айдар мен Ажарды, Абылай мен Топышты  ойнағанын көргенде, көңілде осындай кейісті ойлардың қылтиятыны рас.

«Театр – тәрбиенің, әсіресе, тіл тәрбиелеудің, дұрыс сөз саптауды қалыптастырудың негізгі бағыт түзер тұсбағдары болуы керек» деген пікірдің жаны бар. Өйткені дос-жаран ортасы мен күнделікті қарым-қатынаста ассимиляцияға түсіп, ұлттық бояуы көмескіленіп бара жатқан қазақ тілінің дұрыс қолданысы мен үн құнарын көрермен тек театрдан жолықтырады. Актерлер ойыны арқылы сахнадан М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов, Қ.Мұхамеджанов пен Ә.Кекілбаев тілі үн қатады себебі. Көрермен сол арқылы нағыз төл тарихы мен қаза­қы бояуы қалың, ассимиляцияға ұшыра­маған құнарлы тілге жолығады. Осы тұрғыдан келгенде,  театрға кітап оқып, пьеса оқиғасымен танысып бармақ тұрмақ, күнделікті газет оқуды әдет қып қалыптастырмаған жас көрерменді тәрбиелеудегі театр тілінің қаншалықты маңызды һәм ұлт алдындағы жауапты жұмыс екенін сахнагерлер түйсінсе екен дейміз.  Театр тарландары үшін ұлы Мұхтар Әуезовтің талабы тағылым болуы керек!

…Бірде Алтын қордан қазақ сах­на­сының корифейі Қалибек Қуанышбаевтың Абайдың қарасөзін оқыған дауысын кездейсоқ естіп қалдым. Дауыстың құдіреттілігі сол, дикциясы анық қоңыр үн күллі қазақ болмысын, қалпын көз алдымызға келтірді. Абайдың ғана емес, қазақтың әлеміне енгендей ерекше күйді бастан кештік. Тынысы кең, саф таза дала даусын тыңдап отырғандай әсерге бөлендік. Тыңдап отырып, біздің бүгінде қазақша сөйледік деп жүргеніміз, мынадай дауыс пен дикция қуатының қасында тым әлсіз екендігін еріксіз мойындайсыз. Өркениеттің өрлеуімен бірге қазақы құнарға бай таза үніміз де ассимиляцияланып, жаһанданудың жетегінде кеткендей өкініш араласқан сезімнің көкіректі қыж-қыж қайнатқаны да сол ақсақалды абыздардан қалған Ұлы дала даусының әсері болса керек.

…Абайды іздеп, қазақты іздеп театрға келдім. Бірақ, Абай жоқ. Таспадан тыңдаған Қаллекидің үні шығып қалар деп, сахнаға құлақ түрдім. Қадау-қадау тұстан еміс-еміс жаңғырығатыны болмаса, анық емес. Сахнаның сыртын жағаладым, шүлдірлеген Керімді көрдім…

Назерке ЖҰМАБАЙ,

өнертану ғылымдарының магистрі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.10.2017

«Қазақ хандығының» жалғасы түсіріледі

24.10.2017

Тағылымды шара

24.10.2017

Ж.Түймебаев: Бюджетті дұрыс игермеген басшылар жазаланады

24.10.2017

«Рухсыз адамнан мықты спортшы шықпайды»

24.10.2017

Ірі кісі

24.10.2017

Шежіре сыр шертеді

24.10.2017

СҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

24.10.2017

Алаш тарихы халықаралық деңгейде талқыланды

24.10.2017

Солтүстік Қазақстан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

24.10.2017

Атырауда құқық қорғау орталығы ашылды

24.10.2017

ОҚО әкімі: Аудан-қала әкімдері тиісті индикаторларды толық орындауы қажет

24.10.2017

ШҚО прокуроры: Қылмыстық істі қарауда озық елдер тәжірибесі қолданылады

24.10.2017

Ақтөбе облысында үш ауысымдағы мектеп жаңа ғимаратқа көшті

24.10.2017

Отандық роботты техниканың қарымы

24.10.2017

Маңғыстаудағы №11 мектеп үздік тәжірибесімен үлгілі

24.10.2017

Астанада жаңбыр аралас қар жауады

24.10.2017

Жапонияда кезектен тыс парламент сайлауы өтті

24.10.2017

Өз бақытын қазақ жерінен тапты

24.10.2017

Мерейтойлардан мезі болған жоқпыз ба?

24.10.2017

Жыл өткен сайын астық сапасы артып келеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында, яғни осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын мемлекеттік дең­гей­де қабылданған шешімдер мен қол­ға алынған бастамалар өзі­нің өмір­шеңдігін көрсете отырып, қо­ға­мы­мыздың игілігіне айнала білді. Әсіресе қоғамды рухани келісімге үнде­ген, татулық пен береке-бірлігі­мізді арт­тыруға бағытталған сауатты да сали­қалы бастамалардың жөні бөлек.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Нәсіптің көзі атакәсіпте

Халқымыз төрт түлік өсіруді атакәсіптің біріне, тіпті бірегейіне балаған. Тіршіліктің нәрі, көзі деп ұққан. Содан болар, ауыл адамдары амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп хал-жағдай сұрасып жатады. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім

Алпауыт ел Америка Құрама Штат­тары­ның экономикасы қазіргі кезде өз жарасын өзі жалап жазатын көк­жал қасқырға ұқсайды. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында жазылмастай сыр­қатқа шалдыққан қазіргі қаржы ка­питализмнің ғұмырын барынша ұзартып келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемге билігін жүргізіп отырған ка­пи­тализмнің басты тірегі бастапқы кезде осы формациялық құрылыс­тың отаны әрі таратушысы болға­нымен соңғы жылдары барынша әлеу­меттене бастаған Еуропа емес, нарық­тық жолға түсіп, жедел байып келе жатқанымен Конфуций қағидасы бойынша мемлекетті әке деп қабыл­дап, бүкіл халық үшін одан әкелік қам­қорлық талап ететін дана Қытай емес, корпоративтік рухты ту етіп көтерген еңбекшіл Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері емес, нақ осы АҚШ-тың өзі болып отырғандығын біраз жұрт жақсы біледі.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Онлайндағы жұңғо жұрты

Қытай. Жан-жақтан ағылған адамдар мен көлік ағысы толас­тар емес. Бағдаршамның қызыл шамына тоқтаған көлікте отырып, жан-жағыңды бағдарлайсың. Сіз отырған көлікке жапсарласа, бірінен соң бірі жапырлап велосипед мінген жолаушылар сы­наласып тоқтап жатыр. Ал жол жүруге рұқсат берілгенде бей­не құмырс­қалар тəрізді өре жөнелген қос дөңгелекті көлік­ке отыр­ған­дардың шеруін көр­гендейсіз. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу