Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві туралы 10 дерек

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мемлекет Басшысының 1994 жылғы 14 қаңтардағы № 1502 Жарлығымен бұрынғы Орталық мемлекеттік қазіргі заман тарихы архивінің негізінде құрылды.

15.01.2017 23

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мемлекет Басшысының 1994 жылғы 14 қаңтардағы № 1502 Жарлығымен бұрынғы Орталық мемлекеттік қазіргі заман тарихы архивінің негізінде құрылды.

2. Архив Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Əкімшілігінің жəне мемлекет Басшысына тікелей бағынатын басқа да мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-архивтік қамтамасыз ету саласында негізгі міндеттерді атқарады.

3. Архивтің сайты www.archive.president.kz.

4. 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Архивте 1918-2013 жылдар аралығын қамтитын 789 мыңнан астам сақтау бірлік мемлекеттік есепке алынған.

5. Архивте Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің түпнұсқалары, сондай-ақ оның халықаралық конгресстерде, форумдарда, кездесулерде жасаған баяндамаларының мəтіндері және басқа да құжаттар сақталуда.

6. Архив Қазақстан Компартиясы ОК-і, ЛКЖО ОК-і және олардың негізін қалаушы орталық органдардың 1918-1991 жж. қызметтері барысында қалыптасқан тарихи құжаттарды сақтайды.

7. 1998 жылдан бастап Архив жеке текті құжаттарды жинақтауды бастады. Бұл ең алдымен – Қазақстанның саяси, мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің құжаттары. 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша мемлекеттік сақтауға 85 жеке қор алынған.

8. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Электронды архивінің цифрленген істер саны 40 мың істі құрайды.

9. 1994 жылдан бастап Архив 59 құжатты жинақтар мен 24 ақпараттық-анықтамалық басылымдар дайындап шығарды.

10. 1994 жылдан бастап Архивтің Оқырман залында осы уақытқа дейін 5,3 мыңнан астам ізденуші жұмыс істеді, оның ішінде – Ресейден, Украинадан, Армениядан, Өзбекстаннан, АҚШ, Ұлыбританиядан, Канада, Германия, Жапония, Франция, Италия, Польша жəне Румыниядан келген ізденушілер бар.

Ж. Ү. Әбдіқадырова,

ҚР Президентінің Архиві директорының орынбасары

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2017

Қызылордада дзюдодан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды

24.03.2017

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану азайып келеді

24.03.2017

Мәжіліс жалпы отырыста қаралатын мәселелерді нақтылады

24.03.2017

«Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша 18 кітап жарық көрді

24.03.2017

Көктемгі мұзға шықпаңыздар!

24.03.2017

​Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

24.03.2017

​«Қытайлық қауіп» туралы әңгіме негізсіз – ҚХР елшісі

24.03.2017

Қазақ футболын дамытқым келеді – Хидир Акбаш

24.03.2017

Қытайда тұрғын үй ішінен пойыз өтеді

24.03.2017

​ЭКСПО көрмесіндегі Қытай павильонының ауқымы үлкен – ҚХР елшісі

24.03.2017

ОҚО-да жыл соңына дейін 150 дәрінің бағасы көтерілмейді

24.03.2017

Қытайда электр қуатынсыз отырған отбасы жоқ - Қытай елшісі

24.03.2017

​Қытайда 1 жылда 13 млн 140 мың жұмыс орны ашылған

24.03.2017

Еуро-2018. ​Футзалдан Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

24.03.2017

​Қытайлық туристер ЭКСПО-ға үлкен топ болып келеді

КОЛУМНИСТЕР

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Самарқанның көк тасы жібіген күн

Дана халқымыз әспеттеп, әзиз-әулиеге теңеп «Әз-Наурыз» деп атайтын Ұлыстың Ұлы күні биыл еліміз үшін айрықша сипатта тойланды.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Корея: себеп пен салдар

Оңтүстік Кореяның Мемлекет­тік кеңесі биылғы жылдың 9 мамырын­да мерзімінен бұрын президент­тік сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Осының алдында, яғни 10 наурызда елдің Конституциялық соты парламенттің президент Пак Кын Хеге импичмент жөніндегі шешімін бекіткен еді. Осылайша, сот бес-алты айға созылған саяси дағдарысқа нүкте қойғандай болды.

Жанкелді ШЫМШЫҚОВ, экономика ғылымдарының кандидаты

​Шикізат өндірісінде шикілік болмауы тиіс

Президент Жолдауының үшінші мін­дет­те­­ме­сін­де «Эко­но­микалық өсімнің тұ­рақ­ты­лы­ғы үшін елдің кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стра­те­гиялық маңызын сақтауға тиіс», − де­лінген.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Үйлесімін тапқан ұтылмайды

Қазіргі жаһандық өркениет өзінің құндылықтарын қайта қарау үстінде. Бұл үдеріс біршама күрделі сипатта өтуде. Заманауи тарихи кезеңде кез келген тұрақты дамуды өзіне саяси бағдар еткен ел үшін мәселенің барлық қырларын ескеру маңызды. Жалпы, құндылықтар дағдарысы дәуірінде сыртқы және ішкі саясатты үйлесімді жағдайда ұстауға ұмтылған ұтылмайды.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Наурыз нұры

Қазақтың Наурызы. Ықылым за­ман­дардан бергі кіндігімізбен бай­лан­ған, болмысымызға айналған, жан дү­­­ниемізде байырқалап жайланған Жыл басы. Осы асылымыздан алпыс екі жыл бойы көз жазып қалып, одан Тәуелсіздігіміздің алдында Тә­ңі­­рі жарылқап қайта қауышып, ар­қа-жарқа қуанышпен дүбірлеп, күм­бір­леп көзайым болған керемет күн­дер де дәл бүгінгідей есімізде.

Пікірлер(0)

Пікір қосу