Құдалық

Былтыр ма, әлде жылдың басында ма еді, Шымкентке құ­далыққа барғам ғой. Құданың үйі­нен кейін ағайындары жиналып, кафеде күтті. Қаланың қақ ор­тасындағы кафеге түс қайта кел­дік. Келген жеріміз үлкен той­хана екен. Бір бұрышынан осын­дай құдалық сияқты кіші­гірім той істейтіндерге арнайы зал ашып қойыпты. Төрге жай­ғасып, «алың-келің» бас­тала бер­генде даяшы жігітті ша­қы­рып: «Жақын жерде мешіт бар ма?» деп сұрадым. Ол ой­ла­нып қалды. Есіне түсіре ал­ма­ды-ау деймін: «Намаз оқиын деп пе едіңіз?» деп өзіме сұрақ қойды.

16.01.2017 48

– Иә..

– Қазір осы залдан шық­саңыз, сол жаққа қарай дәліз бар. Соның төріндегі есікке кірсеңіз, той залына кіресіз. Едені кілем. Бүгін той жоқ. Сол залда оқып алсаңыз болады…

Кешке қарай құдалық қызды. Сөз сөйлеушілер де, билеушілер де көбейді. Екі жақ бір-бірін қимағандай қайта-қайта музыка қойғызып, ортаға секіріп шығады. Қайта-қайта тост көтеру. Стаканын ұстап, стол аралау… Бидің арасында қаншама арақ ішілді. Әйтеуір, бәрі көңілді, бәрі қызу…

Бір үлкен ағамыз шақырып алып: «Құдаларға ескертші, біз жақ енді қайта берсе… Әлі арамызда сонау ауылға қайтатын адамдар бар. Жол ұзақ, күн суық дегендей… Бә­ріне ризамыз. Енді бата берсін бізге…» деп, жұмсап жіберді. Өзім де шам намазын оқуға асығып, сыртқа шыға алмай отырғанмын. Лып етіп, сыртқа шықтым.

Басқа-басқа шам намазын дәл уақытында оқу керек. Сондықтан алдымен намаз оқып алмаққа әлгі залға бет алдым. Кірсем, далада қас қа­ра­йып қалғандықтан бөлме іші ептеп қараңғылау екен. Бірақ, үлкен-үлкен терезелер­ден көмескі жарық түсіп тұр. Жан-жақтан қоршаған орындықтардың арасына тұра қалдым.

Екі ракатты оқып, енді сәж­деге бас қоймаққа еденге ең­кейе бергенімде үлкен зал­дың есігі сарт етіп ашылып, ішке біреулер апыл-ғұпыл кіріп келді. Ар жақта музыка ұрып тұр. Кірген бойда біреуі ай­қайға басты. Алла өзі кешір­сін, намаз оқып жатқанда құла­ғыңды жауып отырмайсың ғой. Оның үстіне тура жанымда тұр. Айқайлап жатқан әйел адам. Және даусын танитын да сияқтымын.

– Ей, сен тамада балаға айтсаңшы… Болды, құдалықты аяқтасын… «Тағы бір, бір би…» деп, адамның әбден зықы­сын шығардыңдар ғой… Мұн­дай да құдалар болады екен-ау… Өзіміз құдалыққа барсақ қай­туға асығып отырамыз. Бұлар болса былқ етпей әлі отыр. Еш асығар емес қой тегі…

Сәждеден басымды көтеріп, тізерлеп отырып, қайтадан сәж­деге бас қойдым. Бірақ дау­сым әлсіз шықты ма, әлде ар жақ­тағы музыканың дау­сы басып кетті ме, есіктен кір­ген­дер мені естімеді де, бұрылып та қарамады. Еркек байғұс ақ­та­лып жатыр. Әйел тыңдар емес.

– Білмеймін. Қазір кір де, тамада балаға бірден ескерт. Музыканы өшірсін… Енді қайтып қоймасын. Құдаларды қайтармай, сендер ұстап отыр­сыңдар… Арақ құйсаң, ләкілдетіп іше береді… Болды, аяқтаңдар құдалықты… Арақ та қалмай барады. Білесің бе, екі-ақ бөтелке арақ қалды складта… Неменеңе жетісіп ләкілдеп жүрсің?.. Мен мына жақта жаным шығып, өліп барамын… Сен жүрсің ана жақта «Құдаша, бір би, бір би…» деп, адамның жынын келтіріп…

Мұндай қысылмаспын. Сәждеден тұрайын ба, жоқ па деген ой келді. Әлде өстіп жата берейін бе? Тұрсам, бүлдіремін-ау. Бірақ амал жоқ қой. Мен Аллаға құлшылық жасап жатыр емеспін бе?

«Аллаһу Акбар» деп, бұл жолы даусымды қаттырақ шығарып, тура құдағидың құлағының түбінен орнымнан тұра бердім. Айқайлап жатқан апайдың «Астапыралла» деген даусы естілді де артынша есік сарт етіп ашылып, екеуі ұмар-жұмар далаға атып шық­ты. Көзім көрген жоқ, бірақ есі шыққан әйел еркекті баса-көк­теп, үстінен аттап өтіп кетті-ау деймін. Еркектің де «Ойбай» деген даусы естіліп қал­ды. Ар­тынша есік сарт етіп жабылды.

Намазымды оқып болып, ішке кірсем, ел жаппай батаға қол жайып жатыр екен…

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.03.2017

Көкпар және көкпар аты

28.03.2017

Сүйгізген, сүйген, мұңдасқан...

28.03.2017

​Оқушылар қамкөңіл қарияларға тарту жасады

28.03.2017

Қызылордада Алаш мұрасына арналған конференция өтті

28.03.2017

Қазақстанның сақтандыру нарығы серпін алды

28.03.2017

​«Астана» мен «Шахтер» арасындағы матчтың өтетін орны ауыстырылды

28.03.2017

Мақта шаруашылығын дамытуға не кедергі?

28.03.2017

Қазақстандықтар жаппай көлік жаңартып жатыр

28.03.2017

​Сондерс сөзінде тұрса, біз бәріне дайынбыз – Мұхамедиұлы

28.03.2017

​ҚХЛ команда санын қысқартуы мүмкін

28.03.2017

Атырау театры АҚШ-қа барады

28.03.2017

Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш ашылды

28.03.2017

Қанат Исламның Астанада өтетін бокс кешінің орны белгілі болды

28.03.2017

Дзюдодан ​Қазақстан қыздар құрамасы Тюринги кубогының қола жүлдегері атанды

28.03.2017

Жылдың екінші жартысында да ОПЕК+ келісімі өз күшінде қалуы мүмкін

КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Кәсіпкерге не кедергі?

Иә, кәсіпкерге еш кедергі жоқ секілді көрінеді. Кез келген істі кәсіп қылып, шыр айналдырып пайда таба бер. Өзің де байы, өзгені де жарылқа. Тек заңды бұзбасаң болды. Солайы солай ғой. Бірақ өмірде қалай?

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

​Адами капитал

Бүгінде әлемнің дамыған елдерінде адами капиталды мемле­кеттің, қоғамның және экономиканың негізгі тұғыры деп қабылдайды.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматы – тоқ қала!..

Алматыда туған, тұрған, бі­лім қуған, қызмет істеген, қазір тұрып жатқан, алыста-а-а-н елегі­зіп қаланы сағынып жүрген... бар­­ша­ңыз – осындағы кеңестік асхана­лардан жеген сірке суының өткір иісі мұрын қабатын лағман тағамының қышқылтым дәмін ұмыта қоймаған шығарсыздар-ау!

Нәубат ҚАЛИЕВ, саяси ғылымдар докторы

Қазақстан және жаңа әлем

Жаңа әлем дегенде, біз, ең ал­ды­мен, күрделі, қайшылықты және күрт өзгермелі әлемде өмір сүріп отырғанымызды пайымдап, сара­лауымыз керек. Осы жерде Абай даныш­панның: «−Көк тұман ал­дыңдағы келер заман» деген тұжырымы еріксіз ойға түседі.

Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы

Агроөнеркәсіп: Алыпсатарлықтан арылу керек

Қазақстан ет және сүт өнімдері бойынша аса ірі экспорттаушы ел атануы мүмкін. Елбасы сыртқа сатылатын еттің көлемін 60 мың тоннаға жеткізсек, 4 миллион тонна астық сатқанмен бірдей табыс болатынын айтып, нақты тапсырма берген.

Пікірлер(0)

Пікір қосу