​Айбынды армия – ел қалқаны

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1992 жылы 7 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Респуб­ликасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сай дербес әскері­міз құрылды. Содан бері де, міне, ширек ғасыр уақыт өте шықты.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 1363

Осы жыл­дар ішінде Қарулы Күштеріміздің сапасы мен салмағы артып, қай бағыт­та болсын жан-жақты дамып, барлық қырынан сақадай-сай әзірлікке қол жеткізілді.

Сол бір өткен ғасырдың тоқса­нын­шы жылдарына сәл шегініс жасап, оқиғалар легіне көз салсақ, Қазақ­станның Мемлекеттік тәуелсіздігін алуына байланысты, оның алдына өткір, бірақ өмірлік маңызы зор мін­дет – өзінің Қарулы Күштерін жаңа­дан құру міндеті қойылды.

Елбасы: «Ішкі және сыртқы саясаттың құры­лы­мындағы негізгі іргетас – қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету. Сондықтан, бізге ел егемендігін қорғау мүддесі үшін кез келген қатерге төтеп бере ала­тын, сапасы зор заманауи әскер қажет», деген болатын.

Қазақстан Президентінің 1991 жылдың 25 қазанындағы Жарлығымен Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс ко­митеті құрылды. Көп ұзамай ол Қазақстан Республикасының Қор­ғаныс министрлігі болып аталды. Тәуел­сіз елдің заңдық құқықтарының негіз­деріне және Тәуелсіз Мемле­кеттер Достастығына қатысушы мем­лекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты Пре­зи­денттің 1992 жылдың 7 мамырындағы Жарлығы бойынша Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы Күш­тер өздерінің мүліктерімен қоса Ота­нымыздың қарауына өтті. Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде Қарулы Күш­терді басқаруды Президент өз қолына алды, ал Қазақстанның тұңғыш Қор­ғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды.

Министрліктің міндеті

Осылайша Тәуелсіз Қазақстанның жаңадан құрылған Қарулы Күштерінің жаңа жолы басталды. Бірақ бұл тек бас­тау еді. Рухы биік елдің айбыны асқақ Қарулы Күштері атына заты сай болуы керек. Оған, жоғарыда айтқанымыздай, мүмкіндік аз еді. Кейін Елбасы осы жағдайды былай деп еске алды: «1992 жылғы 7 мамырда менің Жарлығыммен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған болатын. Бұл салада біз барлығын жаңадан бастаған едік: штаттық кесте бойынша офицерлердің 40-45 па­йызы ғана қалған; әскерлерді басқарудың бірыңғай жүйесі жоқ; ескірген техникаға толы қоймалар; тәжірибелі ұшқыштар мен отынның жоқтығынан ұшпай тұрған ұшақтар; берекесі кеткен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ғана бар еді».

Расында, еліміздің кең-байтақ жерінде көптеген әскери база, небір құрамалар мен бөлімдер бар еді. Бірақ Елбасы айтқандай, олар қираудың аз-ақ алдында тұрды. Содан, Елбасының ерен күш-жігерінің арқасында аталған базаларда – Құрлық әскерлерін; әуе армиясының аралас авиациялық корпусының базасында – Әскери-әуе күштерін; әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының құрамалары мен бөлімдерінің базасында осы аттас әскерлерді құруға мүмкіндік туды. Сөйтіп, Қазақстан армиясы Құрлық әскерлері, Әскери-әуе күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-теңіз күштері секілді дәстүрлі төрт түрінен тұрды.

1992-1998 жылдары Тәуелсіз Қазақ­стан­ның Қарулы Күштері қайта құрылды, ал 1999 жылдан оны жасақтаудың түбе­гей­лі реформасы басталды.

Күшіне енген заңнамалық құжат негі­зінде құрылған Қорғаныс министрлігі қор­ғаныс саласындағы мемлекеттік сая­сат­ты, сондай-ақ, Қазақстан Республи­ка­сының Қарулы Күштеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқа­рушы орган. Бүгін­де бұл министрлік өз қызметін ел Конс­ти­туциясы мен заңдарына, Қазақстан Рес­публикасы Президентінің және Үкі­метінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыруда. Сонымен қатар, аталған ведомство мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқық­тық нысанындағы заңды тұлға саналады.

Еліміздің Әскери доктринасында жазылғандай, Қарулы Күштердің бас­шы­лығы бейбіт уақытта Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы басқарылады. Сонымен қатар, бұл ведомство мемлекеттің қорға­нысымен, Қарулы Күштер, басқа әс­керлер мен әскери тектердің құрылыс және даму тұжырымдамасын әзірлеу және Үкіметте бірыңғай әскери-техни­ка­лық саясатты жүргізумен байланысты міндеттерді де жүзеге асырады. Оған қоса, мемлекеттік қор­ғаныс тапсырыс пен қорғаныс үшін қажетті қаражат бөлу туралы ұсыныстарды әзір­леумен айналысады. Қарулы Күштерді мате­риалдық-техникалық тұрғыда қамта­ма­сыз етіп, қорғаныс мәселелерінде оның мемлекеттік органдармен өзара әрекет­тесуін ұйымдастырады.

Аэроұтқыр әскерлері

Анығында, Қарулы Күштердің Бас штабы мемлекеттің Қарулы Күштерін бейбіт уақытта және соғыс кезінде басқаратын басты орган болғандықтан, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың жауынгерлік мобилизациялық даярлық жоспарын әзірлеуді де үйлестіреді. Сондықтан да қорғаныс мүддесінде мемлекет аумағының жедел жабдықталу жос­парын жасайды. Осы негізде еліміз Қарулы Күштерінің құрылымы сан салаға жіктел­ген. Соның бірі – Аэроұтқыр әскерлері. Бұл Қарулы Күштер санатындағы Жоғарғы Бас қолбасшының резерві.

Мақсат-міндеті әскери-саяси жағдай­лар­дың күрт өзгеруі кезіндегі дағдарысты жедел шешуге және мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғауда кенеттен туындаған жағдайларды орындауға, операция бағытына әскерлерді топтастыруды нығайтуға арналған. Сондай-ақ, ел ішінде және сырт жерлерде бейбітшілік пен тұрақ­тылықты қолдау мақсатындағы Қазақ­стан Республикасының халықаралық міндет­терін орындауға қатыса алады. Бейбіт және соғыс жағдайында қауіп төнген ба­ғыттар мен аудандарға шұғыл жетуге және кенеттен туындаған тапсырмалар­ды орындауға әрдайым дайын тұрады. Олар­дың құрамына десантты-шабуылдаушы бөлім­шелер, бөлімдер мен құрамалар, сон­дай-ақ, арнайы бөлімдер, тыл және техни­калық қамтамасыз ету бөлімдері кіреді.

Аэроұтқыр әскерлерінің арнайы мақсаттағы дербес инженерлік-саперлік жасағы 2003-2008 жылдар аралығында Ирак Республикасында бейбітшілік және қауіп­­сіздікті сақтау бойынша Коали­ция­лық күштер құрамында бітімгершілік мис­сияны атқарғанын да көзіқарақты оқыр­мандар ұмыта қоймаған болар. Өз кезе­гін­де бітімгершілеріміздің кәсібилігі мен жау­ынгерлік шеберлігі шет мемлекеттер мен Коалициялық күштердің қолбасшылығы тарапынан жоғары бағаланды.

Құрлық әскерлері

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Бас қолбас­шысының басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі №554 қаулысы, сондай-ақ, Қазақстан Респуб­ликасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі №145 бұйрығына сәйкес құ­рылды. Ал 1993 жылғы 9 сәуірдегі «Қа­зақ­стан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Рес­публикасы Заңының 12-бабына сәйкес, құрлық әскерлері әскери басқару органдары, өңірлік қолбасшылықтар, әскер тектері, арнайы әскерлер, тыл, оқу және резервтегі бөлімдерден тұрады.

Енді осы Құрлық әскерлерінің негізгі тапсырмаларына қандай міндеттер мен құзыреттер кіреді деген мәселеге келер болсақ, олар мыналар: Агрессияға тойтарыс беру үшін әскерлердің әзірлігіне қолдау көрсете отырып, еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, мемлекеттік және әскери объектілерді, мемлекеттік шекараның құрлықтағы бөлігін қорғау, сондай-ақ, бітімгерлік және басқа да тапсырмаларды орындау.

Қарулы Күштердің құрылымдық ерекшелігі бірнеше сатыдан тұратындығын да айта кетейік: «Астана», «Шығыс», «Оң­түстік» және «Батыс» өңірлік қолбас­шылықтары.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Сол­түстік Қазақстан облыстары әкім­шілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылықтың штабы Қарағанды қаласында орын тепкен. Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағыныштағы және Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдерінен басқа шекаралық шектегі әскери бөлімдер кіреді. «Астана» өңірлік қолбасшылығы – Жоғарғы Бас қолбасшының Қарулы Күштердегі резерві.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 2003 жылы құрылған. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орын тепкен.

Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағыныштағы және Әуе қор­ғанысы күштерінің бөлімдерінен басқа ше­ка­ралық шектегі әскери бөлімдер кіреді. Басты міндеті – мемлекеттің шығыс шебіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 2003 жылы құрылған. Алматы, Жамбыл, Оңтүс­тік Қазақстан және Қызылорда облыс­тарында әкімшілік тұрғыда шекаралан­дырылған. Штаб қолбасшылығы Тараз қаласында орналасқан. Өңірлік қолбас­шылық құрамына орталық бағыныштағы және Әуе қорғанысы күштерінің бөлім­дерінен басқа шекаралық шектегі әскери бө­лім­дер кіреді. «Оңтүстік» өңірлік қолбас­шылығының басты міндеті – еліміз­дің оңтүстік-шығыс аймағындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы да 2003 жылы құрылған. Батыс Қазақстан, Ақ­төбе, Атырау және Маңғыстау облыс­тарының әкімшілік шекараларында орна­ласқан. Қолбасшылықтың штабы – Аты­рау қаласында. Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағыныштағы және Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдерінен басқа шекаралық шектегі әскери бөлімдер кіреді. Өңірлік қолбасшылықтың басты міндеті – мемлекет шекарасының қауіпсіздігін, шекараның тұтастығын, егемендігін толық қамтамасыз ету және Каспий теңізі секторында Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін қорғау.

Әскери саланың әлеуеті немесе жаңаша көзқарас

Тарих қойнауында қалған тәуелсіз Қа­зақ­станның нарықтық қиын-қыстау кезең­дерден аман-есен өтуі мемлекет құру жолындағы түйінді мәселелердің түпкі­лікті тарқатылуы емес еді. Елдігімізді сақтаудағы ең негізгі сала – ішкі-сырт­қы қорғаныстағы әскери салаға қатысты саясат болды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақ­стан­ның қорғаныс саласында жағдайды жақсартуға бағытталған ауқымды жоспар-жобалар қолға алынып жатты. Себебі, ғасыр ауысқан шақтардағы әскери сала­ның әлеуеті көрші елдерден көш кейін қалып қойғаны белгілі еді. Нақтылай түскенде, құрыш танктердің 90-95 па­йызы, артиллериялық жүйелердің 90 па­йызы, әскери мақсатта пайдаланылатын ұшақтардың 70 пайызы, тікұшақтардың 80 пайызы жөндеу жұмыстарын жүргі­зуді қажет етті. Осы секілді күрделі мәсе­ле­лер­дің болғандығына көз жеткізу үшін 2000 жылдың қараша айындағы есеп-қисап кезінде Спасск әскери базасындағы 1 515 шынжыр табанды техниканың 34-і ғана іске жарамды болды дегенге біреу сенсе, біреу сенбес.

Сонымен қатар, осы кезеңдерде әс­кер­ді мақсатты қаржыландыру жүйесі де қа­лыптаспаған болатын. Өйткені, нарықтық экономикадағы даму көрсеткіштеріміз әскери шығындарды жоспарлаудың жиынтық нормасымен сәйкеспеді. Сон­дықтан да, елде сол кезеңдерде әскери реформаны жүзеге асырудың сәті келмеді. Салдарынан материалдық қажеттілік қорда сақтаған дүниелер есебінен өтеліп, ол таусылған аймақтарда әскери дайын­дықтар тоқтап тұрды. Бұл, әсіресе, елі­міздің әскери-әуе күштеріне өте ауыр тиді. Әскери ұшқыштардың ұшу сағат­тары кеміп, оның соңы жазғы ұшу құра­мының жойылуына әкеліп соқтырды. Осы секілді олқылықтар әсерінен Қарулы Күш­тердің кадрлық әлеуеті әлсіреп, офицер­лік құрамның 50 пайызында ғана талап­қа сай білімдері болды. Сөйтіп, офи­церлік құрамды тиісті мамандармен толық­тыра алмағандықтан, ұлттық әскери жүйе жасақтау мүмкіндігі шектелді.

Взвод, роталық деңгейде де офицерлік құрамның қалыптаспауы, жауынгерлік даярлықтың төмендігі жағдайдың одан сайын күрделі екендігін көрсетті. Сол ке­з­ең­дерде Ішкі әскердегі 4 мыңға жуық же­дел бөлімдердегі әскери қызметкерлер (бұл жал­пы штаттың 17 пайызы) заңсыз қару-жа­раққа қарсы күресу жұмыстарына жегілді.

Қорғаныс министрлігінің алдында қалыптасқан осындай жағдайға қара­май, әскери саясатты жақсарту міндеті тұрды. Қатаң түрде қайта есепке алу жұмы­сы қолға алынып, әскери дайындық пен әс­кери құрылымдарды пысықтап, қаржы­ландыруды қамтамасыз ету тетігі жедел іске қосылды. Мемлекет басшысының мұқият бақылауымен бұл міндеттер де мінсіз орындалды. Еліміздің әскери ұйымдарына реформа жүргізіліп, әскери қауіпсіздік саясаты қайта қаралды. Оның алғашқы жарқын көрінісі 1999 жылдың желтоқсанында жария болды. Ол – Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының қабылдануы еді. Бұл құжат расымен де Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін бекемдеп, қорғаныс саласындағы саясаттың күрт жақсаруының жаңа кезеңін көрсетті.

Оның жарқын келбетін біз араға он жыл салып, Қазақстан Қарулы Күштері туралы пікір білдірген шетелдік сараптамалық жарияланымдардан анық аңғарамыз. Себебі, Орталық Азия өңірі мен посткеңестік елдер аймағы бойынша әскери қуаты жағынан біздің ел 2009 жылдың қорытындысында «же­текші үштікке» енген болатын. Бұл жай ғана сәйкестік емес еді. Осы кезең­дерде Қарулы Күштерді ұстап тұру арқылы елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты қағидасына айналды. Осындай мақсат, міндеттің арқасында әскери дайындыққа көңіл бөлу қарқыны күрт өсті. Мысалы, сол кездері бір ғана жылдың ішінде 52 түрлі ауқымдағы оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылды. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артық көрсеткіш еді. Ал енді оның бірқатарын атап өтсек, «Әскери әріптестік», «Әуе күштері», «Дала қыраны» сынды сарбаздар дайындығын шыңдау шаралары болатын. Осы орайда, Мәтібұлақ полигонында ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) аясында халықаралық деңгейде ұйымдастырылған «Бірлескен әрекет-2009» оқу-жаттығуы да өте жоғары деңгейде өткен еді.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

"Егемен Қазақстан"

Суреттерді түсірген

Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.10.2017

5,5 пайыздық мөлшерлемемен несие бере бастады

21.10.2017

Роналду жылдың ең үздік футболшысын атанды

21.10.2017

Мешітті тонаған азамат ұсталды

21.10.2017

Кәсіпкерлер палатасы есеп берді

21.10.2017

Қазақ романсиадасына 20 жыл

21.10.2017

Қырғыз саясаткері Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш білдірді

21.10.2017

Сарыағаштық шаруалар қайта өңдеу ісін жандандыра бастады

21.10.2017

Газ келді. Қосуда қиындық бар

21.10.2017

Рухани келісім – бейбітшілік негізі

21.10.2017

Ауғанстан мешіттеріндегі жарылыстан құрбандар саны артуда

21.10.2017

Түркияда Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері

21.10.2017

Қостанайда құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

21.10.2017

Қарттар үйіне көтеру құрылғысын тарту етті

20.10.2017

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінде кадрлық өзгерістер болды

20.10.2017

Астанада жетімдер саны азайды

20.10.2017

Сарыағаш ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді

20.10.2017

Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтына 50 жыл толды

20.10.2017

Қазпоштада ашық есік күні өтті

20.10.2017

Сағынтаев DFJ венчурлік компаниясының тең құрылтайшысымен кездесті

20.10.2017

Оралда Алаш тарихына арналған халықаралық конференция өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Дауыл алдындағы тыныштық болып жүрмесін

Төрткүл дүниені тығырыққа тіреген 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы мен 2009 жылғы «ұлы рецессиядан» енді ғана оңала бастаған әлем экономикасы 2016 жылдан бастап баяу да болса тұрақты даму бағытына бет бұрды.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Шексіз білім

«Білім шексіз бе, әлде білімнің шегі бар ма?» деген сұраққа жа­­уап­ іздеп жүріп, Оксфорд уни­вер­ситетінің профессоры, матема­тик Мар­кус дю Сотойдың «Біз нені біле алмаймыз: білім шегіне сая­хат» («What we cannot know») ат­ты кітабын сатып алдым. Про­фес­сор бұл кітабында нөлден бас­­­тап жетіге дейінгі межені бел­гілейді. Нөлінші межені «Белгілі, бірақ белгісіз» әлде «Белгілі, бірақ бей­мәлім» деген дұрысырақ па?­ Біз біле­тін нәрседен бастап еш­қашан біле алмайтынға, ал одан шек­сіздікке дейінгіні тұспалдайды. Біз нені білмейміз және нені біле ал­маймыз? 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ұялы байланыс: ұтқан кім, ұтылған кім?

Бүгінде ұялы телефонды пайдалан­байтын адам кемде-кем. Олай болса осынау ертелі-кеш қолымыздан тастамай «рахатын» көріп жүрген игілік үшін кімдерге қанша ақша санап береді екенбіз?  

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қарсылық па, таршылық па?

«Біреу Алматыға бір «КамАЗ» сәбіз әкеліп төгіп, елге тегін таратты» деген хабардың шығуы мұң екен, веб-сайттар ақырғы жаңа­лықтың айналасына шыбындай үймеледі. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу