​Қазақ футзалының бүгіні мен ертеңі

Бастау. Қазақ елінің футзалы дәу­рендеп тұр. Айналдырған он­шақ­ты жыл ішінде дүниенің дүр­кіреген додасында топ жарып жүр. Қазақ топырағына Еуропа Кубогын да, Еуропа біріншілігінің қола жүлдесін де әкелді. Қос құрлықты жалпағынан жайлаған алпауыт Ресей өткізетін өте беделді «Еременко Кубогын» үш рет жеңіп алды. «Қайрат» командасы жақында ғана кубокты Ресей топырағынан тартып әкетті. Өздері тағайындаған жарыс кубогын өзгеге ұстата салатын Ре­сей емес. Кіші футбол қарқыны бұл елде де жоғары. «Газпром-Юг­ра», «Дина», «Сибиряк», «Динамо» суперлигада ойнайтын 11 ко­ман­да ішіндегі тас шайнап, құм бүркетін азулылар. Бұл – «Қай­раттың» Еуропадағы ең мық­ты командалардың бірі екенін ай­қындап тұр. «Қайрат» командасы да, негізін осы клуб ойыншылары құ­райтын Қазақ елі құрамасы да қазір үлкен мақсат жолында...
Егемен Қазақстан
19.04.2017 6358

Өзгені сыйлау өзіңді сыйлаудан басталады 

Өмірде бәрі де салыстырмалы. Жақында Алматыда өткен футзалдан Еуропа чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінде Че­хия, Македония және Дания құра­маларының бас бапкерлері футзал туралы өз ойларымен бөліскен еді. Енді өзге елдегі және өз еліміздегі кіші футболдың артықшылығы мен кемшілігін таразыға тартып көрейік.

Чехияда футбол қатты дамыған. Залдағы футболдан ел құрамасы 2010 жылы Еуро­па бі­ріншілігінің қола жүлде­сін жұлып әкеткен. Бізді маза­лаған – осы ел­дегі легионер ойыншыларға деген көзқарас, футзал клуб­тары­ның даму қарқыны. Чехия құрамасының бас бапкері бізді маза­лаған сұрақтарға ықыласпен жауап берді.

– Чехия құрамасында бірде-бір легионер жоқ, – деді Томаш Нойманн. – Команда Чехия құра­масы деп атала ма, командада сол елдің футболшылары ойнау­лары керек. Атына заты сай. Ел-елден, жер-жерден жинап ал­ған жат ел футболшыларынан құ­ралған команданы қалай ғана Чехия құрамасы демекпін?! Ай­тыңызшы?! Клубтарда ойнай берсін, онда шаруам жоқ. Ал тұтас елдің атынан сынға түсетін Че­хия құрамасында тек осы елдің перзенттері ойнауы тиіс. Бұл – менің айнымайтын қағидам. Бұл елде мен бас бапкер болып тұр­ғанда осы принцип ұсталады.

Чехия премьер-лигасында 12 клубтық команда ойнайды екен. Екінші, үшінші лигадағылар да бірінің өкшесін бірі басып тұр. Аймақтық командалар тағы бар. Елде футбол үлкен қарқынмен дамуда. Бас бапкердің айтуынша, 350 мың футболшы теңбіл доптың соңына түскен. Осының ішінде 20 мың футболшы футзалда ойнайды. Бұл – ресми тіркелген ойыншылар саны. Мұндай қарқынмен ел футболының ерекше дамитыны даусыз.

– Чехия футзалының мақта­нышы – «Эра-Пак» командасы, – деп ойын жалғастырды бас бап­кер. – Ел чемпионатында үнемі дара шығып жүрген үздік ко­манда. Сіздердің «Қайрат» командаларыңыз сияқты. Чехия клубтарында 20 бразилиялық, үш испаниялық, екі португалиялық ой­науда. Бірақ қандай шебер ой­ыншы болсын, жат ел футбол­шысы чех ойыншысынан артық жалақы алмайды. Ұлт перзентінен әулие емес. Қазір «Қайрат» коман­дасының бас бапкері болып жүр­ген Какау екі жыл біздің елде ойнаған, үш жыл бапкер болды.

Чехияның бас бапкері Томаш Нойманн «Бразилиялықтар ойнайтын Қазақ елі құрамасы» де­генді емеурінмен айтуды да ұмыт­пады.

Македония құрамасында өзге елдің екі спортшысы жүр. Біреуі бос­ниялық, екіншісі хорват. «Алыстағы Бразилиядан, Испа­ния­дан футболшы шақыратындай артық ақшамыз жоқ», деді құраманың бас бапкері Иван Бо­жович.

Македония құрамасында тек өз елінің ойыншылары ғана бол­ғанымен, команда мықты. Жыл­дан-жылға өсу үстінде. Елдегі жоғары лигада 10 команда, бірінші лигада 12. Бұл ел ішіндегі бәсе­келестіктің жоғары екенін көр­сетіп тұр.

Дания құрамасы бұл жолы қарсылас үш командадан да ұтыл­ды. Құраманың бас бапкері Ни­колай Клейн-Собюэ өз еліндегі футзалға аз-кем тоқталып өтті.

– Данияда да негізгі қаржы үлкен футболға бөлінеді, – деді бас бапкер. – Футзал лигасы бізде екіге бөлінеді, «Батыс» және «Шығыс» болып. «Батыс» лигада 8 команда, «Шығыс» лигада 8. Олар­дың әрқайсысы тағы екіге бө­лінеді, бірінші және екінші лига болып. Жат ел спортшылары мүлде жоқ. Бір неміс, бір бра­зилиялық ойнайды. Бірақ бұлар көп жылдан бергі Дания тұр­ғындары.

Қазақ елі футзалы 

Дәл қазір Қазақ елінде бес-ақ футзал клубы бар: «Қайрат», «Аят», «Жетісу», «Ақтөбе» және Шымкенттегі «№7 АБЖОІМ» – спорт мектебі командасы. Бары осы. Бұлардың ішінде ел намысын сырт жерде абыроймен қорғап жүрген жалғыз команда – «Қайрат». Қазақ топырағындағы футзал клубтарында 20 брази­лиялық ойнап жүрсе, соның тең жартысы «Қайрат» командасында. Игита сияқтылар Қазақ елі аза­маттығын да алып үлгерді. Өзгеше талант Игита, Лео, Дуг­лас сияқты футболшылардың ше­берліктері біздің бауырлардың бой­ларына сіңсе екен дейді бір ой аласұрып.

Қазақ футболшыларының өсуі, шеберлік деңгейлері туралы «Қайрат» командасының бас бапкері Какаудан сыр тартқан едік бірде. Ол іркілмей ойын ашық айтты: «Қазақтың біраз таланттары дәл қазір бразилиялықтардан кем ойнамайды». Ішіміз жылыды. Қай жігіттерді меңзеп тұрғаны белгілі. Шынында, бүгінгі Дін­мұ­хамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенамановтардың шеберліктеріне риза болып отырасың. Серік Жаманқұловтың Еуропа бірін­шілігінде бұр­қы­ратып, боратып 6 доп соққаны естеріңізде болар. Сол жолы Хор­ватия қақпасын солқ еткізіп, жанкүйерлерінің жүректерін зырқ еткізіп, қос бірдей доп салған да осы Жаманқұлов. Сол жолы Қазақ елі құрамасы Еуропа төрінен қола медальмен оралды.

Екі жасында доп қуалап, төр­тінші сыныпта арнайы футбол үйірмесіне барған сол Жаманқұлов – қазір өз қолтаңбасымен қалың жанкүйер ықыласына бөленген талант. Басқа футболшылар туралы да осындай жылы сөз айтуға болады.

Қазір еліміздің Рудный, Қара­ғанды, Екібастұз, Алматы қала­ларында футзал жақсы қанат жайып келеді. Алматыдағы «Қай­рат» футбол клубының жанында ашылған «Балалар академия­сында» 50 бала тәрбиеленуде. Ар­найы жеке мектептер де ашылуда. Шағын қалаларда, ауылдарда балалардың кіші футболмен айналысуына жағдай жасау, шағын ғимараттарын салу басты мәселенің бірі болып тұр. Ойнайтын орын болса, доп қуалайтын бала табылады қашанда. Бір-ақ сәтте лап қояры даусыз. Бұл жерде ұлтын сүйген қаржылы азаматтардың осы салаға, соңынан ерген ұрпаққа қайырылып қарағаны абзал.

Көп нәрсе қаржыға келіп тіреледі. Бір кезде Қарағандының «Шахтері» қандай еді?! Еуропа төріне жарқ етіп шығып, құр­лықтың азуын айға білеген командаларымен тартысқа түсті. Кейін қаржыдан тарықты, мықты ойыншылар жалт берді, бірі ойға, бірі қырға. Сол қаладағы «Тұлпар» футзал командасы да мықты еді. «Тұлпар» арындап тұрған же­рінде тарады да кетті. Қазір сол клуб­тың мықты ойыншылары «Қайрат» клубының, Қазақ елі құ­рамасының намысын қорғап жүр.

2016 жылы үлкен футбол ко­мандаларының жанынан фут­зал клубтарын аштыру мә­селесі қойылған. Бұл – Қазақ­стан Футбол федерациясы Атқару коми­тетінің шешімі. 2017 жылы ұсыныс жасалды. Ал 2018 жыл­дан бастап талап етуге, міндет­теуге көшпек. Қуанарлық іс. Бі­рақ ҚФФ облыс футбол клуб­тарының қолтығынан футзал клубтарын аштыруға қан­шалықты ықпал ете алар екен?! Құптай жөнелсе жақсы, «үлкен футболды жарылқап алсақ та жетер» деп ертоқымын бауырына алып мөңкитіндер де табылар. Бірақ кез келген жақсы жаңалықтың өз кедергілері болатыны да заңды құбылыс. Бұл мәселе неғұрлым жылдам шешілсе, еліміздегі футзал соғұрлым қатты қарқынмен дамитыны сөзсіз.

Бірақ, сопаң етіп тағы бір сұрақ шыға келді. Жақсы, Атқару комитетінің талабымен футзал клубтарын ашты дейік. Клуб дұ­рыс қаржыландырылмаса, білікті бапкері болмаса, жақсы ойыншылар топтаспаса, команда ойыны өрге бас­пайды. Берекесіз, аты бар да заты жоқ команда болып шыға келеді. Саны бар да са­пасы жоқ 10-12 команда керек пе, жоқ па?! Футзалдың елі­мізде өркендеуіне тікелей жауапты ҚФФ қолтығындағы Футзал қауым­дастығы басшыларының не ойлағаны бар?

Ел ішіндегі бәсекелестіктің жоқтығына қарамастан, «Қайрат» футзал клубы – Еуропадағы атан жілік, арқар мүйіз команда. Кө­кірегі футболға байланған, қар­жысын да, күш-қуатын да сарқа жұм­сап келе жатқан «Қайрат» клубының президенті Қайрат Оразбеков – дара тұлға. Сондықтан да, «Қайрат» Еуропадағы ең үздік командалардың қатарында тұр. Оразбековтен басқа кім бар?..

Бүгінгі таңда Қазақ елінде ойнап жүрген бразилиялық дара таланттардың шеберліктері біздің бауырлар да тезірек үйренсе екен. Солардың артықшылықтарын зердеге түйсе екен. «Қайрат» клубының бас бапкері Какау өткізетін жат­ты­ғу­ларды қада­ғалап, көкейге түйіп, ізінен қал­май жазып-сызып жүрген бап­кер бар ма бізде, жоқ па?! Жоқ бол­са, соңына салып қою керек. Үй­ренсін, талантты бапкер мек­тебінің суын ішсін.

Мына бір дерек Какаудың қандай деңгейдегі бапкер екенін айқындаса керек. Демалыс алып Алматыдан Бразилияға ұша­йын деп тұрған Какауды «Эра-Пак» клубының президенті қат­ты өтініп Чехияға шақырады. «Че­хия біріншілігінің жартылай финалында тартысқа түскелі тұр­ған «Эра-Пак» командасын чемпиондық тұғырға алып шық» дейді қиылып. Какау бір кезде сол командада ойнады да, бапкер де болды. Клуб президентімен өзара сыйластығы тағы бар. Бразилияда күтіп отырған әке-шешесі мен туыс­тарынан кешірім сұрап, Чехияны бетке алады. Чехияда уақытша бапкер болған Какаудың көмегімен сол жолы «Эра-Пак» чемпион болды. Бұл – бапкердің сұңғыла біліктілігін көрсетіп тұр.

Түйін 

Какау да, Игита сияқты тең­десі жоқ қақпашы да күн­дердің күні кетеді. Солардың ше­берлік мектебі қалуы керек емес пе?! Осыған бас қатырып жүр­ген мамандардың бар екеніне кү­мән­данбаймыз. Ел футболының ертеңін ойлайтын, алаңдайтын мамандар да аз емес. Терең, ойлы әр іс – Қазақ елі футболының өркен­деуінің кепілі.

Футзал бапкерін арнайы тәрбие­леп, оқытатын жерді де естімедік. Залдағы футбол мен ат­шаптырым стадиондағы фут­бол­дың арасы жер мен көктей. Залдағы футболшыға найзағай жылдамдық, қас-қағымда жасайтын техника керек. Қас-қағымда дұрыс шешім қабылдауға тиіссің. Залдағы футболда толғатуға уа­қыт жоқ. Қарсыласпен иық қағыса жүріп арпалысқа түсесің.

Шетелдік мамандар керек пе? Керек. Үлгі-өнеге көрсе­те­тін, асқан таланттарды ғана шақырсын. Біздің бауырларымыз соларға қарап өседі. Бірақ кең қолтық, кең есік Қазақ еліне шетелдіктерді топырлатып, топ-тобымен шақыру керек пе?! Ең бастысы – өз ойын­шыларымыздың қабақтарына кірбің түсірмеу, үздіксіз өсіру, шеберліктерін шың­дау.

Зейнел ЖЕКЕЙҰЛЫ,
журналист 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2017

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті

23.06.2017

Оңтүстікте 600-ден астам кооператив құрылады

23.06.2017

Медиа форум аясында сингапурлық ғалым кітабының тұсаукесері өтті

23.06.2017

Алматыда отандық суретшілердің көрмесі өтті

23.06.2017

«KAZ Minerals» Ана мен бала орталығына жаңа жабдықтар сыйлады

23.06.2017

Қазақ диаспорасы шоғырланған елдерде арнайы орталықтар ашу керек –Д.Қыдырәлі

23.06.2017

Бектас Бекназаров Франция Сенатының вице-президентімен кездесті

23.06.2017

"Самұрық-Қазына" қызметі Сантьяго принципіне сай

23.06.2017

Таэквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі

23.06.2017

Шығыс Қазақстан полицейлеріне 101 автобус пен 140 автокөлік беріледі

23.06.2017

Кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев чемпиондық белдікке таласады

23.06.2017

Қарағандыда Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған шеру өтті

23.06.2017

Павлодарда 300-ге жуық полицей марапатталды

23.06.2017

ОҚО-ның 500 мыңға жуық тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізеді

23.06.2017

Елбасы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы болып қайта сайланды

23.06.2017

Елбасы: Елге келем деген азаматтарға қауымдастық арқылы бар жағдай жасалуы керек

23.06.2017

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы (фото)

23.06.2017

Елбасы шетелдегі қазақтарды қолдау үшін "Отандастар" қорын құруды тапсырды

23.06.2017

Үкімет танымал қазақтардың электронды базасын жасайды

23.06.2017

Асыл қасиет сеңгірі

КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Клай-фай жанры немесе әдебиеттегі табиғат апаттары

Бірер апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың қоршаған ортаны қорғауға қатысты Париж келісімінен шығамын деген еді. 2015 жылдың желтоқсан айында 194 мемлекет қол қойған Париж келісімі – ғаламдық жылыну процесін тежеуге арналған әрекеттер жоспары. Тараптар өздеріне климаттың өзгеруіне икемделу, техникамен қайта жасақтану, ауаға залалды заттардың шығарылуын азайту бойынша шаралар қабылдауға міндеттемелер алған болатын. АҚШ аталған келісімнен бас тартып отыр. Бір қуаныштысы, шығамын деген сәтте шыға салуға болмайды, бұл рәсім төрт жылға созылады екен. Осы жағдай есіме клай-фай жанрындағы әдебиетті түсірді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Үкілі үміт үдесі

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, Арқа төсіндегі ару Астанада жаһандық шара – ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірегеніне, міне, он күннің өрмегі ауды. Осы уақыт ішінде «Ұлттық жобаға» деген егемен елдің үкілеген үміті ақтала ма, Бүкіләлемдік жетіс­тіктер көрмесінің қос ғасырға тақау шежіресінде өткен көрмелер керуенінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің алар орны қандай дәрежеде болар екен деген сұрақтарға жауап іздеуіміз де заңды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Жік пен жіп

Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қан­дай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқан­дай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының сана­сын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәде­ниетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жаса­ғандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айт­пақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті. 

Қуат БОРАШ, журналист-публицист

Оралыңның барында оқы да біл

Халқымыздың бітім-болмысын бейнелейтін қазыналы қара өлеңдер топтамасын парақтап көріңізші. Даңғайыр даланың жусан исімен әтірленген жұпар  ауасы дауылпаз көңіліңізді аспандатып, еріксіз шабытыңыздың шоғын үрлейді.  

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қазақтың құты

Қазір қалада тұратын аға буын ұрпақтың басым көпшілігінің санасындағы, жалпы жан дүние­сін­дегі, ұғым-түсінігіндегі алтын бесік ауыл бейнесі бала­лық шақтың бал дәуренінде қа­лып­тасқан ғой. Содан да болар, қашанда көл көңілді қазақы мінездің, астың асыл-дәмдісін көпке сақтайтын дархан пейілдің, айтпай келетін қыдыр қонаққа қуанатын мырза бейілдің нұр шуағына малынып өстік десек те болады. Қарап отырсақ, осындай ақ-адал пейіл, көңілдің кеңдігі қазақтың құты екен-ау.

Пікірлер(0)

Пікір қосу