​Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы

«Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Егемен Қазақстан
28.03.2017 2569

2016 жылғы 23 желтоқсан               №873                  Астана қаласы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. «Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12619 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді және оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және

даму министрі Ж.ҚАСЫМБЕК


«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрінің орынбасары – Білім және ғылым министрі

Қазақстан Республикасының __________________ Е.Сағадиев

Ауыл шаруашылығы министрі 2016 жылғы 26 желтоқсан

_________________ А. Мырзахметов

2016 жылғы 29 желтоқсан


«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және Қаржы министрі

әлеуметтік даму министрі __________________ Б. Сұлтанов

__________________ Т.Дүйсенова 2016 жылғы 27 желтоқсан

2016 жылғы 28 желтоқсан


«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі Энергетика министрі

_______________ Т. Сүлейменов _________________ Қ.Бозымбаев

2016 жылғы 30 желтоқсан 2016 жылғы 28 желтоқсан


«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі  __________________ Т.Дүйсенова

2017 жылғы 8 ақпан

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2016 жылғы 23 желтоқсандағы №873 бұйрығымен бекітілді

Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

1. Осы Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

1) аумақтық кластер – түпкі немесе аралық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерді, жиынтықтаушыларды, мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді берушілерді, өндірістік және өзге де жабдықтарды өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылымды жеткізушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа ұйымдарды қамтитын өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық жағынан шоғырланған тобы;

2) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – іріктеуді ұйымдастырушы) – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган;

3) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысушылар (бұдан әрі – іріктеуге қатысушылар) – кәсіпкерлік субъектілерінің топтары, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары, бизнес-қауымдастықтар;

4) Қазақстан Республикасын Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

5) ұлттық институт – индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институт.

2-бөлім. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібі

3. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуден өткізу туралы шешімді іріктеуді ұйымдастырушы қабылдайды.

4. Іріктеуді ұйымдастырушы мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өткізілетіні туралы хабарландыруды орналастырады.

5. Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын жарияланады.

6. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін іріктеу қатысушылары іріктеуді ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді ұсынады.

7. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтініміне келесі құжаттар қоса беріледі:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған келісімді;

2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынылатын мәліметтерді қамтиды.

Бұл ретте іріктеуге қатысушы аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтінімінде және оған қоса берілетін құжаттарда көрсетілген, ұсынылатын ақпараттың толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.

8. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта екі данада – саны бір данадағы түпнұсқасы мен саны бір данадағы көшірмесі және электрондық тасымалдағышта ұсынылады.

9. Іріктеуге қатысушы аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға тіркелген өтінімге өзгерістер енгізе алады немесе оны аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдер беру үшін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін іріктеуді ұйымдастырушыны жазбаша хабардар ету арқылы кері қайтарып ала алады.

10. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім бір немесе бірнеше папкаға (томдарға) топтастырылып, нөмірленуі тиіс. Өтініш пен тиісті құжаттар орналасқан парақтарды көрсете отырып, өтінім құрамына кіретін құжаттар тізбесі бірінші тігіледі. Өтінім құрамында бірнеше папка (том) ұсынылған жағдайда, папкалардың (томдардың) нөмірлері және тиісінше әрбір папкадағы (томдағы) парақтар саны көрсетіледі.

11. Өтінімдерді қабылдауға арналған мерзім өткен соң ұсынылған аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылданбайды және аумақтық кластерлерді ағымдағы конкурстық іріктеу шеңберінде қаралмайды.

12. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді тіркеу сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іріктеуді ұйымдастырушы берілген өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және егер осы Қағидалардың талаптарына жауап бермесе, іріктеуге қатысушыны жазбаша хабардар ете отырып, аумақтық кластерлерді ағымдағы конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді қайтарады.

13. Іріктеуді ұйымдастырушы ұсынылған өтінімдерді тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді ұлттық институтқа жібереді.

14. Ұлттық институт ұсынылған құжаттарды осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі мәніне талдау жүргізеді (бұдан әрі – талдау) және сарапшылық қорытындысын береді.

15. Ұлттық институттың сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттарына сәйкестік бөлігінде тұжырымдардан тұрады және ұсынымдық сипатында болады.

16. Ұлттық институттың талдауы мен сараптамалық қорытындысын беру аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

17. Ұлттық институттың аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған әрбір өтінім бойынша сараптамалық қорытындысы талдау мен сараптамалық қорытынды беруге арналған мерзім аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес мерзімде іріктеуді ұйымдастырушыға беріледі.

18. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдердің материалдары және ұлттық институттың аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған әрбір өтінім бойынша сараптамалық қорытындысы іріктеуді ұйымдастырушымен 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес мерзімде Комиссияға енгізіледі.

19. Комиссия аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу жеңімпаздарын айқындау бойынша шешімді қабылдайды.

20. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша қабылданған Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

21. Іріктеуді ұйымдастырушы Комиссия хаттамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу нәтижелері туралы хабарлайды.


Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларына 1-қосымша

__________________________________________

Индустриялық-инновациялық қызметті

мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган

нысан


Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім

_____________________________________________________________________________

                                                     (компания, өңір, сала атауы)


аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар пакетімен қоса осы өтінімді жібереді.

Қосымша:

1.____________________

2.____________________

3.____________________


________________________________ ________________________________

________________________________ ________________________________

(өтінімді берген адамның ________________________________

лауазымы) (тегі, аты, әкісінің аты (жеке

куәлігінде көрсетілген жағдайда)

________________________________

(қолы)


Қабылдады: _____________________ Қолы: _______________, № ______,

(өтінімді қабылдаған адамның тегі, қабылдау күні 20__ жылғы

аты, әкісінің аты) «___»_______


Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларына 2-қосымша

______________________________________

Өтінім беруші компаниясы/ұйымының атауы

Нысан

Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған келісім


Осы арқылы _____________________________________________________

                                                                (компания атауы)

аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтініміне қосуға келісімін береді және алдағы конкурстық іріктеу шеңберінде бірлескен жұмысқа, сондай-ақ кластерді одан әрі дамыту бойынша іс-шараларға қатысуға мүдделілік танытады.

________________________________ ________________________________

________________________________ ________________________________

(өтінімді берген адамның ________________________________

лауазымы) (тегі, аты, әкісінің аты (жеке

куәлігінде көрсетілген жағдайда)

________________________________

(қолы)


Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларына 3-қосымша


Аумақтық кластарлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін

ұсынылатын мәліметтер

1. Кластердің қысқаша сипаттамасы:

1) аумақтық кластердің орналасқан жері;

2) аумақтық кластердің салалық және салааралық тиесілігі;

3) аумақтық кластердің негізгі қатысушылары.

2. Аумақтық кластерді құру мақсаттары мен міндеттері.

3. Қалыптастырылған аумақтық кластердің даму деңгейі:

1) өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың шоғырланған тобының болуы;

2) технологиялық тізбекті ұзартуға бағытталған жобалардың болуы (технологиялық тізбек – толық технологиялық цикл шеңберінде технологиялық тізбектің түпкілікті өнімін әзірлеу, жасау және ілгерілету жөніндегі өндірістік және өзге де қызметті жүзеге асыратын, бизнесті бірлесіп жүргізу бойынша операцияларды орындау процесіндегі ретке келтірілген заңды тұлғалардың жиынтығы);

3) аумақтық кластердің қызметін қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (инвестициялар, жекеменшік және/немесе қарыз қаражат).

4. Аумақтық кластердің құрылымы және мамандануы:

1) аумақтық кластердің құрылымы және аумақтық кластерден тыс әріптестік байланыстар, аумақтық кластерді интернационалдандыру әлеуеті;

2) кластердің даму көрінісі: аумақтық кластер қатысушылары ұсынылған өнімдердің, тауарлар мен қызметтердің құнын жасау тізбектері.

5. Аумақтық кластерді дамытудың перспективалылығы:

1) аумақтық кластерді дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері (нысаналы индикаторларын көрсете отырып);

2) қолдау шараларын көрсете отырып (қаржылай, қаржылай емес шаралар) кластерлік бастамаларды қажетті қолдау бойынша ұсыныстар, қолдау шараларын пайдаланудың негіздеумен қоса бағыттар, кластер үшін жалпы проблемалар туралы ақпарат (технологиялық, нарықтық, әкімшілік).

Мынадай деректерді қосымша ұсыну талап етілуі мүмкін:

1. Аумақтық кластерді одан әрі дамыту үшін жағдайлардың болуы

1) қажетті шикізат және табиғи ресурстар (су және жер ресурстары);

2) талап етілетін біліктілік деңгейі бар адами ресурстардың қолжетімділігі;

3) технологиялық тізбекті және қажетті ілеспелі қызметтерді жасауға арналған өндірістік қуаттар (кәсіпорындар);

4) энергетикалық инфрақұрылымның дамығандығы;

5) көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамығандығы;

6) индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның дамығандығы (индустриялық аймақтар, конструкторлық бюролар, технопарктер, технологиялар трансферті орталықтары);

7) білім беру, ғылыми және зерттеу инфрақұрылымының болуы;

8) халықаралық байланыстардың болуы, халықаралық жеткізілімдер тізбектеріне кірістіру;

9) қаржы ресурстары.

2. Аумақтық кластердің өңірлік, ұлттық даму стратегияларының басымдықтарына және Қазақстанның кластерлік саясатына сәйкестігі:

1) ұлттық басымдықтар – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығымен бекітілген «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аумақтық кластердің басым секторлардың жиынтығына сәйкестігін бағалау;

2) өңірлік басымдықтар – аумақтық кластердің өңірлік даму бағдарламаларына сәйкестігін бағалау;

3) аумақтық кластерді дамытудың маңыздылығы (өткен жылдардың серпіні негізінде):

аумақтық кластер кәсіпорындарындағы өндіріс көлемі және аумақтық кластердің барлық кәсіпорындарының экспорт көлемі тұрғысынан өзі орналасқан өңір үшін жұмыспен қамтылғандардың саны.

тұтас алғанда, жұмыспен қамтылғандардың саны, аумақтық кластер кәсіпорындарындағы өндіріс көлемі және аумақтық кластердің барлық кәсіпорындарының экспорт көлемі тұрғысынан өзі жататын сала үшін.


Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларына 4-қосымша

Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттары

Аумақтық кластерлерді іріктеуге қатысу үшін мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:

1. Қосылған құн тізбегінің даму деңгейі:

1) өзара байланысты және өзара толықтыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың сындарлы массасының болуы, сондай-ақ ШОБ белгілі бір мамандану деңгейі;

2) қажетті шикізат және табиғи ресурстар;

3) адами ресурстардың қолжетімділігі;

4) технологиялық тізбекті және қажетті ілеспелі көрсетілетін қызметтерді құруға арналған өндірістік қуаттар (кәсіпорындар);

5) индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның дамуы;

6) білім беру инфрақұрылымының дамуы.

2. Өңірдегі жағымды орта:

1) энергетика инфрақұрылымының дамуы;

2) көлік инфрақұрылымының дамуы;

3) қаржы ресурстарының қолжетімділігі.

3. Ол қызмет ететін салаға және өңірге кластерді дамыту бойынша бастамалардың болжанған әлеуметтік-экономикалық ықпалы (алдыңғы 5 жыл деректерінің серпіні негізінде) және ұлттық әрі өңірлік стратегияларға сәйкестік:

1) аумақтық кластер кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, өнім өндірісінің көлемі және олардың экспорты көлемі тұрғысынан өзі орналасқан өңір үшін;

2) тұтас алғанда, кластер кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, өнім өндірісінің көлемі және олардың экспортының көлемі тұрғысынан өзі жататын сала үшін маңызы (алдыңғы 5 жылдағы серпіннің дамуы негізінде).

4. Кластердің дамытудың перспективалылығы, ішкі, өңірлік және жаһандық нарықтардың дамуын ескеріп, болжанған қызмет көрсеткіштері

Ескертпе: аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу жеңімпаздарын айқындау бойынша бағалау кешенді түрде, іріктеу қатысушылары ұсынған деректердің негізінде, сондай-ақ аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеудің әрбір өлшемшарты бойынша күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерін талдау, сондай-ақ осы өлшемшарттарға ықпал ететін факторларды талдау негізінде жүргізіледі. Кешенді талдауы көбірек бәсекеге қабілеттілік көрсеткен аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтінімдеріне артықшылық берілетін болады.


Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 нау­рызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14857 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы


2015 жылғы 15 маусым           № 384          Астана қаласы


Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы


(Жалғасы. Басы 2016 ж. 167, 169, 172, 174, 176, 178, 181, 183, 186, 188, 191, 193, 201, 203, 206, 208, 211, 213, 216, 221-нөмірлерде)

ЖКП 00 Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01 Сызу.

Сызбаларды рәсімдеу ереже-лері.Сызбалардағы геометр-иялық құрылулар.Сызбалар-дағы проекциялық көріністер.Сызба және бөлшектің изометриялық проекциясы.Геометриялық фигуралардың жаймалары.Сызбалардағы көріністердің орналасуы. Қималар мен тіліктер.Тік бұрышты және аксонометриялық осьтердегі түрлердің, қималар мен тіліктердің қажетті және жеткілікті сандарын қолдана отырып, бөлшектер сызбасын орындау.Машинажасау сызуы.Қарапайым машинажасау сызбаларын оқу. Алмалы-салмалы қосылымдар.Алынбайтын-салынбайтын қосылымдар. Құрастыру сызбасы, жұмыс сызбасы, бөлшектер эскизі, бөлшектің техникалық суреті, құрастыру сызбасы бойынша бөлшектеу. Білімдер:

- сызбаларды рәсімдеу ережелерін;

- көріністердің сызбаларда орналасуын;

- сызбалардағы проекциялық көріністерді;

- қималарды және тіліктерді;

- алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын қосылымдарды.

Іскерліктер:

- электр механикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған қарапайым сызбаларды оқу;

-машиналар мен механизмдерге арналған тетіктерді және қосалқы бөлшектерді дайындау мақсатында эскиздер мен техникалық суреттерді орындау. БҚ 1- БҚ 8,

КҚ 2.1.7,

КҚ 2.2.8,

КҚ 2.3.2,

КҚ 2.4.6,

КҚ 2.6.2,

КҚ 2.7.8,

КҚ 2.8.7,

КҚ 2.9.1,

КҚ 2.11.6,

КҚ 2.12.4

ЖКП 02 Техникалық механика негіздері.

Механизмдер мен машиналар жіктеуі.Механизмдер бөліктері.Механизмдер кинематикасы (механизм және машина, ки­нематикалық жұптар және тізбектер, кинематикалық жұптар типтері).Бөлшектер мен жиналмалы бірліктер.Жіктелуі, арналуы және оларға қойылатын талаптар.Бөлшектерді қосу түрлері (алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын).Айналу қозғалысының беріліс механизмдері.Айналу қозғалысы берілісінің түрлері (механикалық, белдікті, фрикционды, тісті, тізбекті, бұрамалы). Арналуы, сипаты, құрылымы,белгіленуі және кинематикалық схемасы.Беріліс саны.Абсолюттік қатты дене.Деформацияның негізгі түрлері және олардағы кернеулерді бөлу.Сыртқы күштер және олардың түрлері.Серпімділік пен кернеудің ішкі күштері.Істегі, шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулер. Білімдер:

- машиналар мен механизмдер жіктеуін;

- бөлшектерді байланыстыру түрлерін;

- айналу қозғалысының беріліс түрлерін;

- деформацияның негізгі түрлерін;

- шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулерін.

Іскерліктер:

- бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді айыра білу;

- беріліс сандарын анықтау;

-серпімділік пен кернеудің ішкі және сыртқы күштерін айыра білу. БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 2.1.6,

КҚ 2.2.8,

КҚ 2.3.2,

КҚ 2.4.5,

КҚ 2.6.7,

КҚ 2.7.8,

КҚ 2.8.7,

КҚ 2.9.5,

КҚ 2.11.8,

КҚ 2.12.2

ЖКП 03 Жалпы электртехника.

Электрлік және магниттік тізбектер.Ауыспалы тоқтың электрлік тізбектері.Электрлік құрылғылар. Электрөлшеуіш аспаптар.Электронды аспаптар мен құрылғылар.Трансформаторлар.Электрлік машиналар мен аппараттар.Электрқуатын өндіру, тарату және қолдану.Электр станциялары, желілері және электрқуатымен қамтамасыз ету.Электржетек негіздері. Білімдер:

- электрлік және магниттік тізбектерін;

- ауыспалы тоқтың электрлік тізбектерін;

- электрлік құрылғыларын; - электр қуатының өндірілуін, таралуын және пайдаланылуын;

- электржетекті және электравтоматиканы.

Іскерліктер: - электржабдықтары мен автоматика құралдарын жөндеуге арналған электрсхемаларын оқу; - электржабдықтары және автоматика құралдарына қызмет көрсету мен жөндеу барысында электрөлшеуіш аспаптарын пайдалану. БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 2.1.6,

КҚ 2.2.8,

КҚ 2.3.2,

КҚ 2.4.5,

КҚ 2.6.7,

КҚ 2.7.8,

КҚ 2.8.7,

КҚ 2.9.5,

КҚ 2.11.8,

КҚ 2.12.2

ЖКП 04 Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері.

Ақпаратты кодтау. Сандық жүйелер. Бір жүйеден екінші жүйеге ауысу. Екілік арифметика. Формалды, математикалық логика.Модель түсінігі.Модельдер типтері.Алгоритм түсінігі.Алгоритмдер типтері.Бағдарламалау тілі.Бағдарлама, оны құрылымдау.Автоматты реттеу.Реттелетін параметр.Реттеу объектісі, оның қасиеттері, схемалар.Автоматты реттеуіштер, олардың жіктелуі, арналуы, құрылымы, жұмыс істеу принципі, функциялық және құрылымдық схемалары, реттеу органдары.Басқарудың автоматты жүйелерінің қосымша құралдары.

Процесті автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшудің тәртібі. Білімдер:

- ОС WINDOWS түрлерін;

- WORD мәтіндік редакторын;

- EXCEL электронды кестелерін;

- Corel DRAW векторлық редакторын;

- вирустардан қорғануын;

- WinZip архиваторын; - ОС DOS;

- Norton Commander сыртқабықша бағдарламасын; - бағдарламалық тілдерін;

- автоматты реттеу негіздерін; - автоматты реттегіштердің жұмыс істеу принципін, функциялық және құрылымдық схемаларын.

Іскерліктер:

- жұмыста және күнделікті өмірде дербес компьютерді қолдану; -автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшуді жүзеге асыру. БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 2.1.5,

КҚ 2.2.5,

КҚ 2.3.8,

КҚ 2.4.8,

КҚ 2.6.8,

КҚ 2.7.5,

КҚ 2.8.6,

КҚ 2.9.3,

КҚ 2.9.4,

КҚ 2.11.7,

КҚ 2.12.3

ЖКП 05 Материалтану.

Металдардың, қорытпалардың құрылымы мен қасиеттері. Металдардытот басу. Пластмассалар ағаштар, рәзеңке және лакпен сырлайтын бұйымдар.Материалдарды өңдеу тәсілдері.Дәнекерлеу, кесу түрлері.Әрлеу және электрфизикалық материалдар. Білімдер: -металдарды, қорытпаларды олардың құрылымы мен қасиеттерін; - тот басумен күресу тәсілдерін; - металдарды, қорытпаларды және басқа даматериалдарды өңдеудің түрлерін.

Іскерліктер: -металдар мен қорытпаларды түрлері және қасиеттері бойынша айыра білу;

- байыту кәсіпорындарында жұмыстарды орындау барысында әр түрлі материалдарды арналуы бойынша пайдалана білу. БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 2.1.1,

КҚ 2.2.4,

КҚ 2.3.7,

КҚ 2.4.3,

КҚ 2.6.8,

КҚ 2.9.7,

КҚ 2.11.2,

КҚ 2.12.1


ЖКП 06 Физикалы және коллоидты химия. Денелердің кристалдық және аморфтық күйлері. Заттардың газ түріндегі күйлерінің табиғаты. Идеалдыжәне реалды газ туралы түсінік. Заттардыңсұйық күй­лері. Идеалдыжәне реалды ерітінді туралы түсінік. Қат­ты­­заттың сұйықтықтарда еруі. Тер­модинамика, Бойль-Ма­риотт, Шарль-Гей-Люссак, Дальтон, Гесс заңдары туралы түсінік. Электрхимия.Электр­литтікдиссоциация. Электр­литтермен электр өтімділігі туралы түсінік. Металдардыңэлектр химиялық тотығуы және одан қорғану тәсілдері. Білімдер:

- денелердің жағдайын және заттардың газ түріндегі күйле­рінің табиғатын; - термоди­намика, Бойль-Мариотт, Шарль-Гей-Люссак, Дальтон, Гесс заңдарын;- электрлиттік диссоциация процестерін; - электрлиттер және олардың электр өтімділігін; - металдарды электр химиялық тотығудан қорғау тәсілдерін.

Іскерліктер:

-металдарды электр химия­лық тотығудан қорғау тәсіл­дерін жұмыста қолдана білу. БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 2.1.5,

КҚ 2.2.6,

КҚ 2.4.5,

КҚ 2.6.6,

КҚ 2.9.6,

КҚ 2.11.5,

КҚ 2.12.1

ЖКП 07 Геология және кен ісі негіздері.

Жер және жер қыртысы дамуының басты заңдылықтары. Экзогендіжәне эндогенді геологиялық процестер. Кристаллография. Минералогия. Жаратылысыбойынша кен жыныстарының жіктелуі. Байытукезіндегі көмірдің текстуралық-құрылымдық ерекшеліктері.Көмірдіңжәне оның құрамындағы жыныстардың физикалық қасиеттері. Көміркенорындарының типтері. Көміркенорындарын ашық және жерасты тәсілдерімен қазу. Білімдер:

-кристаллография, минералогия және кен жыныстары жіктелуінің негізгі ережелерін;

- көмірдің және оның құрамындағы жыныстардың химиялық және физикалық қасиеттерін;- көмір кенорындарын қазу тәсілдерін;

- байыту кезіндегі көмірдің текстуралық-құрылымдық қасиеттерін.

Іскерліктер:

- байытуға арналған көмірдің текстурасы мен құрылымын анықтай алу. БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 2.1.1,

КҚ 2.2.1,

КҚ 2.3.1,

КҚ 2.4.1,

КҚ 2.6.1,

КҚ 2.7.1,

КҚ 2.8.1,

КҚ 2.9.1,

КҚ 2.11.1,

КҚ 2.12.1

ЖКП 08 Байыту фабрикаларының гидравликасы негіздері, жылу техникасы және су-ауалы шаруашылығы.

Гидравликажәне гидродинамика негіздері. Көмірбайыту фабрикаларын сумен қамтамасыз ету. Сорғыларжәне сорғы станциялары. Көмірбайыту фабрикаларына ауажеткізу, компрессорлар мен ауаүрлегіш машиналары.Көмірбайыту фабрикаларында вакуум мен желдетуді пайдалану. Жылутехникасы негіздері.Қазандық қондырғылар және қосалқы құрылғылар. Білімдер: -гидравлика және гидродинамика, жылу тех­никасы негіздерін; - көмір байыту фабрикаларын сумен қамтамасыз ету схемаларын; - сумен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды; - байыту фабрикаларының ауажеткізу принцип-терін; - компрессорлар мен ауаүрлегіш машиналардың типтерін; -қазандық қондырғыларды және олардың қосалқы құрылғыларын.

Іскерліктер:

- сорғыларды, компрессорларды және ауаүрлегіш машиналарды, қазандық қондырғыларды басқару, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу. БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 2.1.2-

КҚ 2.1.4,

КҚ 2.2.5,

КҚ 2.7.3,

КҚ 2.7.4,

КҚ 2.7.7,

КҚ 2.8.4

ЖКП 09 Стандарттау, метрология және өнім сапасының негіздері.

Стандарттауаумағындағы негізгі түсініктер мен анықтамалар. Стандарттардыңсанаты мен түрлері. Метрологияаумағындағы негізгі түсініктер мен анықтамалар. Физикалықшамалардың бірліктері. Өлшеулердіңтүрлері мен ауытқулары. Өлшеуішқұралдары және олардың техникалық сипаттамалары. Өнімсапасын тексеру. Өнімсапасының деңгейін бағалау.Өнімдіаттестаттау, сертификаттау және сынау. Білімдер: -стандарттау, метрология және өнім сапасын тексерудің негізгі ережелерін;

- физикалық шамалардың бірліктерін; - өлшеулердің түрлері мен ауытқуларын;

- өлшеуіш құралдарының техникалық сипаттамаларын; - өнім сапасын тексеру және бағалау әдістерін.

Іскерліктер: -стандарттардың санаттарын, түрлерін айыра білу; - өлшеулерді жүргізу кезінде өлшеуіш құралдарын қолдану және ауытқуларды анықтау; - өнім сапасын тексеруді жүргізу; - өнімді аттестаттау, сертификаттау және сынауды жүргізу. БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 2.1.1,

КҚ 2.2.4,

КҚ 2.2.6,

КҚ 2.3.5,

КҚ 2.4.2-

КҚ 2.4.7,

КҚ 2.6.4,

КҚ 2.7.5,

КҚ 2.8.2,

КҚ 2.9.6,

КҚ 2.11.4,

КҚ 2.11.5,

КҚ 2.12.1,

КҚ 2.12.3

АП 00 Арнайы пәндер

АП 01 Пайдалы қазбаларды байыту.

Байытуәдістері және олардың технологиялық көрсеткіштері. Дезинтеграцияжәне шаю арқылы көмір қабаттарын дайындау. Байытудыңгравитациялық процестері, тұндыру, ауыр ортада байыту, шоғырлау үстелдерінде байыту, гравитациялық талдау. Флотация. Байытудыңарнайы әдістері. Білімдер:

- байыту әдістерін және олардың технологиялық көрсеткіштерін.

Іскерліктер:

- байыту процестерін жүргізу;

- өз жұмыс орнындағы технологиялық процестерді бақылау. БҚ 5-БҚ 7,

КҚ 2.1.5,

КҚ 2.2.2,

КҚ 2.3.4,

КҚ 2.3.6,

КҚ 2.3.8,

КҚ 2.6.3,

КҚ 2.6.8,

КҚ 2.7.2,

КҚ 2.7.7,

КҚ 2.8.2,

КҚ 2.8.3,

КҚ 2.8.5,

КҚ 2.9.2,

КҚ 2.9.7,

КҚ 2.11.2,

КҚ 2.11.3

АП 02 Байыту фабрикаларының электр жабдықтары.

Электржетек теориясының негіздері. Көмірбайыту фабрикаларында қолданылатын электрлі машиналары мен аппараттар. Электржетекпен басқару. Көмірбайыту фабрикаларын электр қуатымен қамтамасыз ету. Көмірбайыту фабрикаларын жарықтандыру. Көмірбайыту фабрикаларында диспетчерлік басқару. Білімдер:

- электр жетек теориясының негіздерін; - электрлі машиналары мен аппараттарының типтерін; - жарықтандыру параметрлерін;

- диспетчерлік басқару схемаларын.

Іскерліктер:

- көмір байыту фабрикаларының машиналары мен механизмдерін электр жетекпен басқару;

- электрлі машиналары мен аппараттарын қарап шығу, қызмет көрсету және жөндеу жүргізу. БҚ 5- БҚ 7,

КҚ 2.1.6,

КҚ 2.1.7,

КҚ 2.2.3,

КҚ 2.2.7,

КҚ 2.2.8,

КҚ 2.3.2,

КҚ 2.3.3,

КҚ 2.6.2,

КҚ 2.6.5,

КҚ 2.6.7,

КҚ 2.7.8,

КҚ 2.8.6-

КҚ 2.8.8,

КҚ 2.9.4,

КҚ 2.9.5,

КҚ 2.11.6,

КҚ 2.11.8

АП 03 Транспортты құрылғылар және қоймалар.

Үздіксізжұмыс істейтін транспортты құрылғылар. Өзсалмағының әсерімен тасымалдау. Гидравликалық, пневматикалық және арқанды транспорт. Көмірбайыту фабрикаларының шанақ және қойма шаруашылығы. Реагенттерді тасымалдау және сақтау. Білімдер:

- көмір байыту фабрикалары­ның әртүрлі транспортты құрылғылары құрылымын, іс-әрекет принципін, қолданылу аумағын; - шанақ және қойма шаруашылығын.

Іскерліктер: - транспортты құрылғыларын басқару және оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу. БҚ 5- БҚ 7,

КҚ 2.3.7,

КҚ 2.7.6,

КҚ 2.12.2,

КҚ 2.12.4,

КҚ 2.12.5



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу