– Қазір «Қытайлық қауіп» туралы сан түрлі ақпараттар айтылып жатқанынан хабардармын. Бірақ бұл ешқандай негізсіз ақпарат. Қытай ешқашан басқыншылықпен айналысқан емес, алдағы уақытта да айналыспайды. Қазір ҚХР өндіріс саласы, ақпараттық технологиялар, ғарыш және басқа да салалар бойынша алға шықты. Біздің экономикамыз бәсекеге қабілетті. Ал біз өзімізді қорғай алатын деңгейге жетсек, алып елдер «қытайлық қауіп» туралы айтады. Бұл дұрыс емес. Біз бейбіт қатынасты, әріптестік негіздегі байланысты қалаймыз,– деді ҚХР Төтенше және өкілетті елшісі.
Арнұр Асқар, "Егемен Қазақстан".
Пікірлер(0)
Пікір қосу