​Ширек ғасырда шыңдалған құрылым

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) мәртебелі міндеті – тәуелсіздіктің үш тағаны – тұтастық, тыныштық пен тұрақтылықты кірпік қақпай күзету. Сондай-ақ, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қауіпсіздігін қорғау, ел мен жердің мәртебелі нысандарын, қасиетті нышандарын сақтау – аталған құрылымның басты борышы. Бұл жауапты міндетті мінсіз атқару үшін МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қойылатын негізгі талап – қырағылық, ұқыптылық, батылдық пен батырлық секілді қасиеттер.
Егемен Қазақстан
19.04.2017 1073

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) мәртебелі міндеті – тәуелсіздіктің үш тағаны – тұтастық, тыныштық пен тұрақтылықты кірпік қақпай күзету. Сондай-ақ, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қауіпсіздігін қорғау, ел мен жердің мәртебелі нысандарын, қасиетті нышандарын сақтау – аталған құрылымның басты борышы. Бұл жауапты міндетті мінсіз атқару үшін МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қойылатын негізгі талап – қырағылық, ұқыптылық, батылдық пен батырлық секілді қасиеттер. 

Ақордада 2015 жылдың 21 сәуірінде өткен Мемле­кет­тік күзет қызметінің туын табыстау рәсімінде Елбасы: «Менің Жарлығыммен біздің мемлекетімізде тұңғыш рет Мем­лекеттік күзет қызметі құрылды. Бұл әскери қыз­­мет мем­лекеттік қызметтің ең жауапты сатысы бо­лып са­налады. Сіздер мемлекеттің тәуелсіздігін бас­қару ор­­ган­дарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін неше түрлі лаңкестерге қарсы жұмыс істейтін аза­мат­сыз­дар. Сіздердің жұмыстарыңыз елге жалпы көрін­бе­генімен, сіздер көрінбей-ақ, жауапкершілігі үлкен қызмет­ті атқа­ра­сыздар», – деп МКҚ-ның қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жұмысына өз бағасын берген болатын. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – елдің басты құндылықтарын қорғайтын іргелі ұйым. Ол 2014 жылдың сәуірінде Елбасы Жарлығымен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті күзет қызметінің және Қазақ­стан Республикасы Республикалық ұланының қосы­луы арқылы қалыптасты. Сондықтан да біз бүгінгі Мем­лекет­тік күзет қызметінің тарихын жоғарыда аталған екі мекеме – Президенттің күзет қызметі мен Республи­ка­лық ұланның құрылуымен байланыстыра қарастырамыз.

Осы орайда, бірінші кезекте Президенттің күзет қызметінің тарихына қысқаша тоқтала кетсек. Мемле­кет басшысының 1992 жылғы 6 ақпандағы өкімі­мен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қыз­меті (ҚР ПКҚ) құрылды. Ол Қазақстан Республи­касы­ның жоғары мемлекеттік билік пен басқару орган­дары басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында бұрынғы Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік коми­тетінің 9-бөлімінің базасында жасақталған болатын. Кейін­нен Күзет қызметі Мемлекет басшысының тікелей қара­мағына өтті. Ал 1995 жылғы қазанда Президенттің күзет қызметі құрамына Қазақстан Республикасы Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс агент­тігі мен Республикалық ұлан қосылып, көп ұзамай олар өз алдына дербес ведомстволар ретінде бөлініп шықты.

Президенттің Күзет қызметінің бірінші бастығы болып генерал-майор Сергей Синицин тағайындалды. Одан әрі қарай бұл арнаулы органның осы лауазымында генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев, генерал-лейтенант Болат Баекенов, генерал-лейтенант Амангелді Шаб­дарбаев, генерал-лейтенант Мұхтар Аюбаев, гене­рал-майор Әнуар Садықұлов сынды азаматтар қызмет етті. Бұл аралықта, дәлірегі, 1997 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде Президенттің Күзет қызметі толығымен Астанаға қоныс аударғанын да айта кетейік.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміздің әлемдік қауымдастыққа енді аяқ басып, халықаралық байланыс­тардың белең алып, шетелдік делегациялар мен мемлекет басшыларының республикамызға бірінен соң бірі ат басын бұрып жатқан кезде Президенттің күзет қызметіне артылған жауапкершілік жүгі еселене түсті. Жаңадан жасақталған ұжымға жұмыста жүріп ысылуға, тәжірибе жинап, шеберлік шыңдауға тура келді.

«Қалай дегенмен, біз барлық қиындықты еңсердік. Шындығында қиындық аз болған жоқ, бірақ ешкім шағымданбайтын. Біз үлкен нәтижеге жету үшін үлкен жігермен жұмыс істедік. Біріншіден, бұл жұмыс біздің қызметкерлердің барлығына ұнайтын еді, екіншіден, бұл үлкен мәртебелі қызмет саналады. Қызметкерлер күш-жігерлерін аямады, уақытпен де санасқан жоқ, кез кел­ген уақытта тиісті тапсырманы, қалтқысыз орындайтын», – деген Президент күзет қызметінің алғашқы бас­шысы генерал-майор Сергей Синицин өткен күнді осы­лай еске алады. Сөйтіп, Қызмет азғантай уақыт ішін­де қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзіндік жүйесін құрып, өзін толыққанды мемлекеттік орган ретінде көрсете білді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бүгінгі Мемлекеттік күзет қызметі тарихының бастауында Президенттің күзет қызметімен бірге, Елбасының 1992 жылғы 16 нау­рыз­дағы Жарлығымен құрылған Республикалық ұлан да қатар тұрады.

Дегенмен де, жоғары лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салтанатты рәсімдерді өткізу, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік нышандары мен мем­лекеттік маңызы бар нысандарын күзету сынды мінд­ет­терді жоғары деңгейде орындайтын, әбден ысыл­ған, кәсіби шыныққан, арнайы жасақ керек болды. Міне, Республикалық ұланды құру осындай қажет­тілік­тен туындаған еді. Бұл ретте Республикалық ұлан­ның құры­лып, оның қалыптасуына орасан зор үлес қос­қан қолбас­шылардың қатарында генерал-майор Төле­ген Үмбет­баев, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев, гене­рал-майор Болат Ысқақов, генерал-лейтенант Болат Жана­саев, генерал-лейтенант Абай Тасболатов, генерал-лей­те­нант Аменгелді Шабдарбаев, генерал-лейтенант Мұх­­тар Аюбаев секілді азаматтардың болғанын атап өт­ке­­ні­­міз жөн. Ал ең алғашқы қолбасшы ретіндегі тіз­гін ге­­не­­рал-майор Сейілбек Алтынбековке бұйырған болатын.

Жауапты міндет жүктелген ұландықтар әскери машық-дағдыны меңгеруге құлшына кірісті. Жауын­герлік және саптық дайындықтарын үдетті. Жаңадан әскери тәртіп пен тәрбие ісін тізетін оқу-әдістемелік құралдар, құқықтық құжаттар әзірленді. Мемлекеттік маңызды нысандардың күзетін қолға алды. 1993 жылдың көктемінде Құрмет қарауыл ротасының сарбаздары мен офицерлеріне арналған айрықша парадтық киім үлгілері дайындалды. Республикалық ұланның ал­ғыш­қы қолбасшысы генерал-майор Сейілбек Алтын­бековтің айтуынша, 1992 жылы тамыз айында ЦСКА стадионында Қазақстан Республикасының Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың назарына жаңадан жасақ­талған, құрамында Үкіметтік күзет батальоны, құрмет қарауыл ротасы және үлгілі-көрсетімдік оркестр бар Республикалық ұлан алғашқы рет ұсынылды. Елбасы таныстырылым барысында Ұланды мұқият қарап шығады. «Шынын айтқанда, ол кезде «біздің өзіміздікі» деп мақтанып көрсететін әскери киімімізде де жоқ еді. Елбасы содан қазақстандық нақыштағы форма дайындауды тапсырған еді», – дейді Республикалық ұланның құрылу тарихына қатысты кейбір деректермен бөліскен С.Алтынбеков.

Елбасы Республикалық ұланға ерекше көңіл бөлді. Айта­лық, 1994 жылдың 5 шілдесінде Республикалық ұлан жұм­ы­сымен арнайы келіп танысса, 1995 жылғы жел­тоқ­сан­да «Республикалық ұлан» туралы Жарлыққа және «Рес­пуб­ликалық ұлан туралы Ережеге» қол қойды. Заңдық күші бар бұл құжаттар Ұланның әскери арнайы құрылым ретіндегі биік мәртебесін толық айқындап берді.

Бірігу биік белестерге бастады

Бүгінде Мемлекеттік күзет қызметіне генерал-лейте­нант Амантай Күреңбеков басшылық жасайды. Абыройы мен айбынын асырып жүрген құзыретті құрылымның басшылық құрамында Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Объектілерді қорғау қызметінің бастығы, генерал-лейтенант Мұхтар Аюбаев, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Тұңғыш Президент – Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы, генерал-майор Ардақ Әшімбекұлы секілді саланың білікті мамандары қызмет етеді.

Ал «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктерінің жас сарбаздары мен Құрмет қарауыл ротасына іріктеліп алынған сарбаздар ардагерлер ізін жалғап, ел өміріндегі маңызды тарихи сәттерде, салтанатты жиын-шерулерде, Президентті ұлықтау рәсімдерінде аса маңызды рөл атқарады.

Күштік құрылымдардың бірігуі, екі беделді ұйым­ның бір арнаға тоғысуы – орган қызметінің сапасын жаңа деңгейге көтерді. Бүгінге дейін қалыптасып, даму кезеңдерін өткеріп жатқан Мемлекеттік күзет қызметі нормативтік базаны жасақтау бойынша өз қызметін жетілдіріп, «Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Заң мен Ереженің қабылдануына қол жеткізді. Осының арқасында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Заңындағы жаңалықтар Қызметтің арнаулы мемлекеттік орган ретіндегі мәртебесін бекітіп, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар ұйымдастыру мәселесіндегі негізгі міндеттерді, сондай-ақ, Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлеріне берілетін құқықтарды айқындауға себепші болды. Сөйтіп, заңнамалық кедергілер жо­йылып, материалдық-техникалық базаны жетілдіруге, қару-жарақпен қамтуға ерекше көңіл бөлінді.

Әлемдік жетекші өндірушілерден жоғары санатты қару, техника, арнайы құралдар алынды. Мемлекеттік күзет қызметінің көпсалалығын күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмы­л­­дырылатын қызмет түрлерінен аңғару қиынға соқ­пайды. Мәселен, бұл қызметте білікті кинолог­тар мен жарылғыш құрылғыларды тауып және залалсыз­дан­дыратын саперлардың жұмысы да айрықша орын алады. Құралайды көзге атқан сұр мергендер де небір халықаралық сайыстарда дараланып жүр. Осылайша, кешенді қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз игерген кіл мықтылар еліміздің жоғары лауазымды тұлғаларын ғана емес, шетелдік қонақтардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қыз­метін­де күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамта­масыз ету ісінде, сондай-ақ, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекетті жетілдіру мақсатында үйлесімді, көп­сатылы, Қазақстанның әскери оқу орындарымен бай­ланыста болатын, кәсіби деңгейдегі білім беру жүйе­сін құру алғаш рет қолға алынып отыр. Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атын­дағы Ұлттық қорғаныс университеті базасын тиімді пай­далану жөніндегі Мемлекет басшысының тап­сыр­­ма­сын орындау мақсатында Мемлекеттік күзет қыз­меті­нің жаңа бастамасы – классикалық бағытта жұмыс істеп келген кафедралармен, әскери біліктілік саласын­дағы және терроризмге қарсы дисциплинарлық орталық­тарын біріктіре отырып, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне сапалы білім беру ісі қолға алынды.

Жаттығу жігерді жанып, намысты қайрайды 

Мемлекеттік күзет қызметінің әрбір сарбазы мораль­дық-психологиялық қалпын, дене бітім, күш-қуат, білімі мен қарым-қабілетін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Бұл үшін жауынгерлік даярлаудың кешен­ді бағ­дарламасы бар. Жыл бойы «Майдан» далалық оқу орталығында олар қару-жарақ және әртүрлі тех­ника тілін игереді. Сарбаздарды дайындайтын нұс­қау­шылар АҚШ, Ресей, Израиль және ҚХР-дың мамандандырылған оқу орталықтарында білімдерін жетілдіріп келген. МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілері үлкен спорт әлемінде де дараланып, жеңіс тұғырын иеленіп келеді. Спорт – Мемлекеттік күзет қызметі жеке құрамының кәсіби біліктіліктерін арттырып, шеберліктерін шыңдаудың бірден-бір жолы. Спорттық дайындық Құрылымның әрбір қызметкері мен әскери қызметшісінің жедел-қызметтік тапсырмаларды мінсіз орындап, әскери талапқа сай жұмыс қабілетінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуінің кепілі.

Жыл сайынғы жоспар негізінде қызметтік-қолдан­балы спорт түрлерінен бөлімшелерде ұйымдас­тыры­латын іріктеу спорт сайыстарының қорытындысы бойын­ша МКҚ-да 20-ға жуық жеке және командалық чемпио­натт­ар өткізіліп отырады. Спортта жоғары көрсет­кіш­терге қол жеткізуі және МКҚ-да қызметкерлер мен әскери қызметшілерінің толыққанды жаттығулары үшін барлық қажетті жағдай жасалынған. Сондай-ақ, МКҚ басшылық тарапынан қызметкерлер мен әскери қызметшілердің халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуына ықпал етіп, олардың спорттық дайындықтарының деңгейін көтеріп және де қажетті спорттық тауарларды сатып алуға материалдық қолдау тұрақты түрде көрсетіледі, өзге әлеуметтік мәселелердің шешілуіне қолғабыс етеді.

25 жыл ішінде Қызметтің құрама коман­далары Еуропаның – 2, Азияның – 11 және де әлемнің 15 чемпионатына қатысты. Сондай-ақ, қызмет­кер­лер спорттың әр түрінен өтетін жыл сайынғы республика­ара­лық көптеген жарыстардың жүлдегерлері атану дәстүрге айналды. МКҚ қызметкерлері мен әскери қызмет­ші­лерінің дайындығы барысында басты назарда болатын спорттың түрі ол – жекпе-жек күрес. Мемлекет­тік күзет қызметте жоғары спорттық дәреже иегерлері де аз емес. Бүгінде Қызметтің жеке құрамында 29 спорт шебері, спорттың әр түрінен 17 халықаралық деңгейдегі спорт шеберлерінің қызмет етуі сөзімізге дәлел.

МКҚ-ның әрбір қызметкері мен әскери қызметшісі үшін мәртебелі жетістік – «Қара берет» иегері атану. Ерліктің, батылдық пен намыс-жігердің және жоғары кәсіби дайындықтың нышаны болып табылатын осы айырым белгісі 2007 жылы енгізілген. «Қара беретті» киіп жүру құқығына ие болғандар өзінің әскери мансап жолында бірқатар артықшылықтарға да ие. Жыл сайын үміткерлерге қойылатын талап күшейіп келеді.

Еліміздің мәдени өмірін, сондай-ақ, халықаралық аренадағы абырой-беделін асқақтатып жүрген үлкен шығармашылық ұжымның бірі – Президент оркестрі. 1992 жылдың наурызында негізі қаланған бұл ұжымның бастауында еліміздің өнер және мәдениет қайраткерлері тұр. Олардың қатарында Мәдениет және спорт министрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Айман Мұсақожаева, сондай-ақ, Алексей Кутунов, Валерий Скороход, Алек­сандр Аблаев, Нұрлан Өнербаев, Бекболат Тілеухан сын­ды майталмандар болды. Олардың ізін бүгінде Жанат Бақтай, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Досымжан Таңатаров сынды танымал өнер қайраткерлерімен қатар, Олжас Сүлейменов, Оралхан Алтынбеков, Салтанат Дәулетханова, Гүлнұр Әділбекова секілді жас талант иелері абыроймен жалғап келеді. Бұл іргелі ұжымның жетекшісі – белгілі дирижер, республикалық және халық­аралық музыкалық байқаулардың лауреаты, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік кон­сер­ваториясының жанындағы әскери-дирижерлік факуль­теттің түлегі полковник Талғат Бердіғұлов.

Президенттік оркестр құрамына үрлемелі оркестр, «Биг-Бэнд» атты джаз оркестрі, сондай-ақ, халық аспаптар, камералық, ән және эстрада, би ансамбльдері кіреді. Оркестр әртістерінің таланты, олардың музы­калық аспаптардың барлық түрлерін асқан шеберлікпен ойнауы Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Түркия, Австрия, Бельгия, Малайзия және әлемнің басқа да елдері­нің ән сүйер қауымын тәнті етті. Көрнекі өнер көр­сетудің жоғары деңгейін Мәскеу қаласының Қызыл ала­ңын­да жыл сайын өтетін «Спасск мұнарасы» әске­ри-музыкалық фестивалінде әйгілей түсуде. «Спасск мұнарасында» еліміздің атынан Қазақстан Респуб­ликасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» полкі­нің Құрмет қарауыл ротасы мен Президенттік оркестрі өздерінің тамсанарлық өнерін паш етіп келеді.

Мемлекеттік күзет қызметіндегі үздік үрдістің бірі – қызметкер мен әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау. Айталық, оларға баспана үшін арнайы төлем­ақы беріледі. Осындай қолдаудың арқасында 2013 жыл­дан бері 250-ден астам қызметкер өз пәтеріне қол жет­кізді. Тұрмысы түзеліп, ұрпақ өрбітіп келеді. Сондай-ақ, Мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздарына медицина­л­ық қызмет көрсететін арнайы госпиталь де бар.  

Ұрпақтар сабақтастығы – қастерлі ұғым. Мемлекет­тік күзет қызметінде «Ардагерлер Одағы» қоғамдық бірлес­тігінің жұмыс істеуі – соның дәлелі. Аға буынның мол тәжірибесі мен еңбек жолы – Мемлекеттік күзет қыз­меті­нің әрбір жас сарбазына үлгі, жол көрсетер темірқазық.

Мемлекеттік күзет қызметі жақын күндері су жаңа еңселі ғимаратқа көшпек. Бұл қызметкерлер мен әскерилерге тың шабыт, жаңа серпін сыйлап, үл­кен жауап­кершілік жүктері анық. Мәртебелі міндет, мүл­тік­­сіз қызмет – Мемлекеттік күзет қызметінің ширек ғасыр­дағы жұмысын осылай бағалауға болады. Бүгінде ол – құрығы ұзын, құзыреті кең, өзгемен терезесі тең, келе­шегі кемел мемлекеттік орган.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2018

Қысқы Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілетіні мәлім болды

23.01.2018

Ертең Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды

23.01.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

23.01.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

23.01.2018

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Атырауда алма өсіреді

23.01.2018

Атырауда пойыз жолдан шығып кетті

23.01.2018

Павлодарда «Мұнай-химия зауыты» ЖШС бас инженері тағайындалды

23.01.2018

Атырау халқы Фариза ақынды еске алды

23.01.2018

Павлодарда жолда қалған өскемендіктерге көмек көрсетілді

23.01.2018

Ауғанстанда қаза болған отандасымыздың денесі жақын күндері елге жеткізіледі

23.01.2018

Солтүстік Қазақстан делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде болды

23.01.2018

Бесқарағайда аяз 45 градусқа дейін жетті

23.01.2018

ИДМ: Қазақстандық әуе компанияларынан шектеулер алып тасталды

23.01.2018

Үкімет отырысында сот және құқық қорғау қызметінің ақпараттық жүйелері қаралды

23.01.2018

Тұрғын үймен қамтамасыз етілудің жыл сайынғы өсімі 10% деңгейде болуы тиіс — Б. Сағынтаев

23.01.2018

Астана әкімдігі аязды күні жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды

23.01.2018

Б.Сағынтаев: Аязды күндері қызметкерлеріңізді жұмыста ұзақ ұстамаңыздар

23.01.2018

Түркия Сириядағы күрд жасақтарына қарсы әскери операция жүргізуде

23.01.2018

Оңтүстік жастарын шетелдің оқу орындары шақырады

23.01.2018

Ұлттық нақышты ту еткен

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Сынның да сұрауы бар

Кейде өмірдің мәнін тым ерте жас­тан түсініп қою да адамға қиындық туғызады. Сондықтан кім-кімнің де өз жасына лайық ой толғап, өмір сүргені қандай ғанибет еді. Конфуций «Кеңес пен толғам» ғақлиясында «Ұстаз айтыпты:

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Донор әке – дүбәра ұрпақ

Біз қазір ұлт болу, мәңгілік ел болу жолында келеміз. Бұл бабалар бағыттаған, бүгінгілер ақ-адал жалғасақ деген ұлы ниеттен туындап отыр. Әлемдік қарбаласта өз бет-бейнемізбен салған сара жолымыз даңғылға айналу үстінде. Ең бастысы, осы жолда ұлттық үрдісімізбен жүрсек, жұтылу мен тұтылудан алыс боларымыз ақиқат.

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Бапкерлер легионы

Жыл сайын Қазақстан премьер-лига клубтарының қыруар қаржы жұмсап шетелдерден сатып алатын легионерлерін санамалап, олардың көрсеткен нәтижелерін саралап жүретін әдетім бар. Футбол деген үлкен сиқырға арбалып қалған кез келген адамға таныс құбылыс. Өткенде ғана маусым бойына 4 ойын өткізіп, 10 ай бойы жалақы алып келген сербиялық футболшы туралы жаздым. Біздің клубтардың бармақ басты, көз қысты әрекеттері мұнымен де шектелмесе керек. Командаларымыздың тағы бір әдеті – жыл сайын бапкер ауыстыру. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Ортақ тіл табысуға ұмтылыс бар

Бір халықты екіге жарып, ағайын­­ды бір-біріне қарсы қойған ғалам­дық саясат, екі түрлі саяси жүйе корей халқын әлі де бір-бірі­не жат қылып отыр. Жақындату тү­гі­лі кейде бір-біріне деген жаулық ни­­ет­терін де жариялап, бітіспейтін көз­­қараста екендіктерін білдіріп қоя­ды.  

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу