​Шүменовтің қандай жарақат алғаны белгілі болды

Кеше WBA (Regular) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің WBA нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жегі қазақстандық былғары қолғап шеберінің жарақатына байланысты өткізілмейтін болғанын хабарлаған болатынбыз.
Егемен Қазақстан
20.04.2017 7695

Бүгін Бейбіт Шүменовтің қандай жарақат алғаны және қаншалықты күрделі екені анықталды. Боксшының менеджері хабарлағандай, Бейбіт спарринг-жаттығу кезінде оң көзінен ауыр жарақат алған. 

"Өкінішке орай, Бейбіт алдағы кездесуді өткізе алмайды. Спарринг кезінде оң көзінен қатты жарақат алды. Қолғаптың бас бармағы көзіне тиіп кетіп, зақым келтірді" деді оның промоутері Шыңғыс Шүменов.

Жергілікті дәрігерлер отандасымыздың қарашығына тиген зардапты анықтап, дер кезінде операция жасаған. Алдына-ала болжам бойынша, Бейбіт Шүменовтің бұл операциядан кейін қалпына келуі үшін шамамен 2-3 ай уақыт қажет болады. Қазір ол ауруханада емес, Лас-Вегастағы үйінде емделуде. 

Бұл Бейбіттің соңғы 2 жылда жекпе-жек алдында алған үшінші жарақаты. Ол бұған дейін 2015 жылыдың маусым айында Би Дж Флореске қарсы кездесу Бейбіттің жарақат алу себебінен 1 ай кейінге шегерілген еді. Ал, екінші жарақатын Бейбіт дәл сол жылдың соңында, яғни желтоқсан айында әлемнің экс-чемпионы болған польшалық Кшиштоф Влодарчикке қарсы жекпе-жек қарсаңында алып, кездесу өткізілмеген еді. Кеше Шүменовтің үшінші жарақаты туралы БАҚ беттерінде хабарланды. 

Бейбіт Шүменовтің ылғи жекпе-жек алдында жарақат алатынын ескерген Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко боксшыға қазақстандық жас былғары қолғап шеберлеріне промоутер болуды ұсынды.

— Соңғы уақытта Бейбіттің жарақат алуы тым жиілеп кетті. Сондықтан, мен оған басқа кәсіппен айналысуды, оның ішінде, промоутер болуды ұсынамын. Мүмкін, осы кәсіпте Шүменовтің жолы болып қалар. Ол кәсіпқой бокста біраз тәжірибе жинақтады ғой, сондықтан, оған промоутерлік қиынға соға қоймас. Елімізде таланатты жас боксшылар өте көп, соларға промоутерлік жасап, АҚШ-та өздерін көрсетуге мүмкіндік жасаса» дейді В.Демьяненко. 

Айта кетейік, Шүменовтің жарақатына байланысты 30 сәуір күні Лас-Вегаста кубалық Юниер Дортикоске қарсы болатын жекпе-жек өтпейтін болды.  Шүменов-Дортикос жекпе-жегі осымен екінші рет тоқтатытылғанында айта кеткен жөн. Ең алғаш қос боксшы арасындағы кездесу биыл 11 ақпанда өту керек болатын. Алайда, Caribe Promotions компаниясы жекпе-жекті ұйымдастыру құқығынан айырылып, кездесуді ұйымдастыра алмай қалған еді. Сонан соң, бұл жекпе-жек өткізу құқығын Том Браунның TGB Promotions иеленіп, бірінші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулына арналған жекпе-жек 30 сәуірге жоспарланған еді.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

23.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

23.02.2018

Жылда 500-ден астам жол апаты автобус жүргізушілерінің кінәсінен болады - ІІМ

23.02.2018

Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу