​Стадионсыз, манежсіз футбол қайтіп күн көрер?

Біз футболшылардан жақсы нәтижені талап етеміз. Бірақ жоғары жалақыдан басқа футболдың дамуына ешқандай өзгеріс жасалып жатпағанын жұрттың бәрі байқап отыр.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 18469

Жаза-жаза жауыр болған тақы­рып. Бірақ федерация болсын немесе жергілікті әкімдік жағынан ешқандай қимыл байқалмайды. Дәл қазір Қазақстанда жөні түзу стадионы бар Астана, Алматы, Павлодар қалалары ғана шығар. Қостанай мен Ақтөбедегі стадион мамырға дейін дайын болмайды. Осы жағдай жылда қайталанады. Ширек ғасырда салған жалғыз стадионымыз «Астана-Аре­наның» өзі уақытша жөндеуге байланысты жабылып қалды. 

Стадиондардың талапқа сай емес­тігін жиі сынға алатын бол­гариялық бапкер Станимир Стой­лов «Атырау» – «Астана» кез­десуінен кейін «әңгі­месін» тағы жалғастырды.

– Біз егер Қазақстандағы футбол­дың ілгері дамығанын қаласақ, жақ­сы ойын көрсетуді ойласақ, қазір­гі ойын өткізіп жүрген футбол алаң­дарында ойнауға мүлде болмайтынын ескеруіміз қажет. Біздің клубтар, футбол федерациялары осы туралы ойланулары керек. Маусым басталар тұста бірнеше ай бойы Түркияда, Дубайда кереметтей жасыл алаңда дайындық жұмыстарын өткіземіз. Одан кейін Қазақстанға келіп, сапасы өте төмен қосалқы алаңдарда ойнауға мәжбүрміз. Жалпы, біздегі жағдай өте төмен. Мен бұл мәселені бірінші рет көтеріп отырған жоқпын. Ойын­шылардың киім алмастыратын бөлмелеріне, жанкүйерлердің ойын тамашалауына бірінші кезек­те жақсы жағдай жасау қажет. Қазақ­стандағы бірнеше стадионды айтпағанда, бар­лық қалалардың стадиондарының жағдайы өте төмен. Ұлттық құрама туралы айта­мыз, Еуропа алаңдарында лайық­ты өнер көрсету туралы жос­пар құ­рамыз. Қазақстан ішіндегі стадион­дардың сапасын арттырмай, ол туралы айту әлі де ерте, – дейді «Астана» бапкері Станимир Стойлов.

Стойловтың бұл пікірін «Қай­рат» клубының президенті Қайрат Боран­баев та қолдайды.

– Бапкер Стойловтың айтқанын қолдаймын. Біз бұл жөнінде бірнеше рет ұсыныс жасадық. Бірақ, әрдайым бізді ешкім тың­дамайды. Егер дамы­ғымыз келсе, фут­болда қандай да бір жетістікке жетуді көздесек, мұн­­дай алаңдарда ойнауға болмайды. Осын­­дай сапасыз алаңдарда мау­сым басында ойнап жүрміз. Сон­ды­қтан, ҚФФ мен Кәсіпқой футбол лига­сына еліміздің барлық қалала­рын­дағы алаңдарға назар аудару тура­лы ұсыныс жасаймын, – дейді Боран­баев.

Мәселен, Қарағандының «Шах­тер» командасы биылғы маусымда 5 ойын өткізіп, қақпасына 10 гол жіберді. Жинағаны жалғыз ұпай. Соңғы турда тіпті, «Қайраттан» өз ала­ңында 1:4 есебімен ойсырай ұтылды. Команданың нәтижесі төмен. Өз алаңындағы ойындарды мау­сымға дейін Теміртауда өткізеді. Бұл стадионды сынамаған адам жоқ.

Осыдан үш-төрт жыл бұрын Алматының «Қайратының» бас бапкері болған Владимир Вайсс тілшілерге Теміртаудағы стадион туралы күйініп айтып еді.

– Сіздер менен қазақ­стандық клубтар қашан Чем­пиондар лига­сының топтық кезеңінде ойнайды деп көп сұрайсыздар. Егер коман­даның Чемпиондар лигасында ойнауын қаласаңыздар, матчтарды Теміртаудағыдай алаңдарда өткізуге болмайды. Бұл ойыншылар үшін қауіпті. Теміртаудың стадионы ХІІІ ға­сырды еске салады, – деген болатын шетелдік маман.

Жалғыз Вайсс емес, Қазақ­станмен кездесу өткізу үшін шетелден келген футболшылар да өздерінің ренішін талай білдірген. Олардың қатарында Андрей Шев­ченко, Роналду, Джерард секіл­ді жұлдыздар да бар.

Сол «Шахтер» бір-екі маусым командаға легионер шақырмай-ақ ста­дион мәселесін реттеп алса қайтер еді? Міндетті түрде стадион деген 20 мың, 30 мың адамға арналуы қажет емес қой. 10 мың, болмаса 5 мың көрерменге арналған жабық манеж де жеткілікті болушы еді.

Әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген не командасы, не құрамасы жоқ Қатар елі 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алды. Олар қазіргі кезде стадион салу­мен айналысып жатыр. Тіпті, жаз айында ауа райының 50 градусқа дейін ысуына байланысты қатысушы командалар мен футболшыларға жайлы болу үшін стадиондарды кон­диционерлермен жабдықтап жатыр екен.

Соңғы жылдары Исландия футболын жиі айтып жүргеніміз рас. Қазақстандағы орташа бір қаланың халқы тұратын мемлекет ала доптың айналасындағы мәсе­лені әлдеқашан шешіп тас­таған. Ұлттық құрамасы қа­зіргі кезде ФИФА рейтингінде 21-орын­ға жайғасқан.

Исландияда желдің жыл­дам­дығы сағатына 90-100 ша­қырым көрінеді. Футбол ойнауға қолайсыз аймақ. Сон­дықтан, соңғы 15 жылда бұл ел жабық манеж салуға көшті. Ис­лан­дия инфрақұрылымға және ба­ла­лар футболына қатты мән беріп жүр. Соның арқасында өткен жылы Еу­ропа чемпионатында атақты Ан­глия құрамасының өзін ұтып кетті. Атақты Руни бастаған ағыл­шын фут­­бол­шыларын қалай жылатқанын көзіміз көрді.

– 1990 жылы елде бір немесе екі ғана жасанды төсеніші бар алаң болды. Қара жерде дайындалып, жаттыққанымыз есімде. Бір кездері футбол басшылары Скан­динавияның үлгісін ескеріп, әрбір кәсіпқой командада жабық манеж болу керек деген шешімге келді, – дейді Исландия құра­масының экс-қақпашысы Хадль­гримссон.

Жалпы, проблеманы түсіну мен шешу екі бөлек дүние. Исландия клубтарында біздегідей ақша жоқ. Олар негізінен жартылай кәсіпқой командалар. Сондықтан, футбол басшылары жергілікті би­лік өкілдеріне өтініш жасады. Алғашқы «Футбол үйі» 2000 жылы Кефлавикте салыныпты. Бұл қала ел астанасы Рейкъявиктен 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі кезде Исландияда алты жабық кешенді манеж бар.

Бүгінгі таңда Исландияның жасыл алаңдарында 33 000 адам доп теуіп жүр (халқының 10 пайызы). Оның 23 мыңы футболшы ретінде тіркелген. Ал кәсіби футболшының саны небары 100 адам екен. Сол 100 футболшының қандай жетістікке жеткенін Еуропа чемпионатында көзіміз көрді ғой...

Біздің ұсыныс:

Облыс орталықтарында манеждер мен шағын стадиондар салынса. УЕФА-ның талабы бойынша стадионда негізінен нұсқаушылар және делегаттар кіріп-шығатын бөлек есік пен дәліз болу қажет. Сондай-ақ, екі команда мен ресми тұлғаларға арналған жуынатын орындар жеткілікті болуы керек. БАҚ өкілдерінің стадионда отыратын орындары бөлек және репортаж жүргізуге лайықталып, жабдықталған болуы тиіс. Авто­тұрақ, тамақтанатын орындар, дә­ретхана да осы талаптардың қата­рына жатады. Жалпы, мұндай ұсақ-түйектер айта берсең жетіп-ар­тылады. Жабық манеж салар болсақ, осы қарапайым талаптарды ескерсек те жетер еді...

Бек ТӨЛЕУОВ,
журналист
АСТАНА 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.05.2018

Солтүстік Қазақстан облысы мен «CLAAS» компаниясы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынов туған үй жөнделетін болды

20.05.2018

Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

20.05.2018

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

20.05.2018

Батыс Қазақстан мен Астана әріптестік туралы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Каспий жағалауында суға шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

20.05.2018

Ақтөбе және Орынбор облыстары ресми делегацияларының кездесуі өтті

20.05.2018

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

20.05.2018

Екібастұздағы «Шығыс» кенішіне «Liebherr R-976 Litronic» экскаваторы әкелінді

20.05.2018

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

20.05.2018

Павлодарда ауыл шаруашылық жерлері электронды картаға түсіріледі

20.05.2018

Павлодарда жүргізушілердің төленбеген көлік салығы 670 миллион теңгеге жеткен

20.05.2018

Хорватия Астанада дипломатиялық өкілдік ашпақ

20.05.2018

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

20.05.2018

20 мамырға арналған ауа райы

20.05.2018

ҚарМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады

19.05.2018

АЭФ-2018 аясында жаһандық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды

19.05.2018

Қазақстандық сарапшылар ғаламдық дамудың басты бес мегатренді туралы пікір білдірді

19.05.2018

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

19.05.2018

QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» кезектен тыс съезі өз жұмысын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ қызы осындай

Ұлттық дүниетаным ілімінде халық­тың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу