​Таңғажайып махаббат

(Лирикалық эссе) (Жалғасы. Басы 67-нөмірде)
Егемен Қазақстан
12.04.2017 379

Мен журналды алдым да кібір­тіктеп оқи бастадым: «Ким билбейт, жайдын толук кезиндеги август түндерүн. Асмандагы жылдыздар алыста турганыменен, ар бери өзинче чыгып, алаканга салгандай, ар бири өзүнчө нур төгүп, чет-четинен бүл-бүлдеген күмүш кыроо чалып, асмандын тиги каптал, бу капталына жайнап кири жок жадырап карашат. 

Жылыздар ушинтип толгондо, биз капчыгай аралап келе жатканбыз…»

– Шыңғыс сұқтанған тамыз күн­дері! Оның жұлдызы жамы­раған жылы түндері! Әндей жел­пиді, Ильяжан. Тағы… тағы бір жерін оқышы!

– Оқиын… оқиын Нұреке: – «Ой, сустайган неме, ырдап койсоң болбой бу? Жигитсиң би өзуң, же өлүксуңбү? Ай, Данияр, деги сен бирөнү сүйдүң беле?

Анан бир убакытта Данияр – «Чу!» – деп аттарду желдирди да, күтпөгөн жерден:

Ой, Ала-То -о –о, Ала-То-о,

Ата-бабам өскөн жер! – деп араба секиргенде кошо секирип, дирилдеген үнменен ырдап жиберди.

Ал кыргызчага, казакчага да окшобойт, бирок тыңшап отурсоң, бу обонда байыртан бир боордаш кыргыз менен казактын тандалган төл обондару чиретилип кошулгандай туюлат…»

Нұрғали маған ойлана қара­ды: – Сен әннің қалай туатынын біліп қалдың, Ильяжан, Шың­ғыстың осы бір сөздері ән емес пе, ән… ән ғой! Адам кө­­ңі­лін асқақтатып жібереді. Осы суретті, Жәмиланың жігіт намы­сын қозғаған жаңағы бір сөз­дерін ойлап, елестетіп көрші. Жай ғана қара сөздің әндеткенін кім көрген! Шыңғыс прозасында адам жанын аялайтын, тіпті, көк­ке көтеретін сәулелі поэтика, ро­­мантика бар! Мен Шыңғыстың Да­ниярын – өзіміздің Нұғыман ағамызға, Жәмиласын Қалиқаға ұқсата беремін. Осы бір қызық сезімнен арыла алмай қойдым. Айырмасы – Нұғыман біздің кешегі «Ілгерібас» колхозының бас­тығы, ал, Қалиқа –Жәмиланың дәл өзі. Бәрі де көз алдымда: ас­тық піскен кез. Бидай орағы. Қы­­зыл қырман. Ол аудан орта­лы­ғына түйемен, арбамен тасылып жатыр. Осы ду-ду өмірдің ішін­де қайғы да бар, қуаныш та бар. Махаббат бар! Қырғыз, қазақ ауылының тіршілігі...

Нұрғалимен болған сұқбатты күндерден бастап, менің де көз алдымда: түнгі дала… тау іші… Күр­кіреу өзенінің жар қабағында үнсіз меңірейген Данияр тұра­тын болды. Кейде ол шаңы бұр­қыраған қара жолда арба үстінде батып бара жатқан қып-қызыл күнге қарап, қабағында сәл ғана кірбіңі бар, мұңды жандай ыңыл­дайды бір. Даниярдың сол үні… жан-жүйені босатқан сол әуезі!

«Бәрі … бәрі біздің ауылда бол­ған хикая!…» Нұрғалидың осы сөзі көкейімнен кетер емес.

Келе-келе осы сөзді ұлан-ғайыр қазақ даласының әр жері­нен естідім. «Жәмила» повесін әр қазақтың үйінен көрдім, перзентті болған қуанышты жандар жақсы ырым ғып, балаларына Жәмила, Данияр деп ат қоя бастады. Бұл кезде белгілі әдебиетші Қал­жан Нұрмақанов аударған «Жә­мила» повесі – «Аңсаған менің әнімсің!» атты спектакль болып, қазақ драмтеатрының ажарын кіргізіп, беделін көтерді.

«Жәмила» повесі жұрттың аңызына айналды.

Ауық-ауық Фрунзеге қа­рай жол тартам. Ұзақ жолда «Жә­мила» повесіндегі хикая мені қым-қиғаш қиял үстінде қал­қытады. Данияр елестейді. Оның әуе­леген әні қазақша басталады, енді бірде ол қырғыздың арманмен аһ ұрғызған шырын сазына ұласады.

О, шіркін, Шыңғыс сүйген тамыз түндері!

Тамыз түнін балбыратып, кішкене ғана Шекер ауылының ерке келіні – Шекспирдің асау Ка­таринасындай Жәмиланы еріксіз «бұғалықтап», оған сүю­дің не екенін сездіріп, мүлде есін алып, елжірете босатып, сәби кейіпте еш алаңсыз мөл­діретіп, «арбай» бастаған мы­на Даниярдың жан шыдатпас құштар ыңылында не құдірет бар, құдай-ау! Құлағымда Шекер ауылындағы гу-гу сөз де ызың­дады: «Ой… ой, Жәмила-ай! Ой, Жәмила-ай, соғыстағы Садығыңның көзіне шөп салып, не істеп жүрсің тегі?», «Көки бер­­меңдерші тегі, Жәмиланы кі­нә­лап. Садық Жәмилаға сүйіп қосылған жоқ. Оны әке-шешесі күштеп үйлендірді. Білеміз бә­рін». «Ой, Жәмила, қан­дай­­сың, сен? Сені… сендей бұл­ғақтаған асауды бір ауыл же­ңе алмай отырғанда мына бір сайда саны, құмда ізі жоқ… жел қуған қаңбақтай боп ойда жоқ­та келе қалған мына біреу… өзі өлімсіреп, бір аяғын зорға бас­қан Данияр деген неме, әй, ессіз Жә­мила сені қалай еңсеріп, бар еркіңді алып барады, о, қоқи десе!», «Неге сындың, Жәмила? Се­нің зымиян көкірегіңе қандай жы­лан ұялап жүр, а? Ауылдың көр­кі болған үйің анау… келін боп аттаған алтын босағаң, ол! Сады­ғыңнан ай сайын хат келеді, құ­дайға шүкір, тірі жүр. Сенің жү­рісің мынау… Садығың ертең жарқ етіп келе қалса, не бетіңді айта­сың? Ә, сені енді салдақы де­ме­генде не дейміз, а, жұлынған Жә­­мила?» Шекер ауылының гу-гуі.

Қым-қиғаш елес.

Ішім теңіз боп толқып, дала боп шалқиды, ұмсынтқан тау шыңы қол жетпес армандай бұлдырайды. Көкірегімді ән қысып барады, ән! Жүрегім толы арманды ән! Ол ән бұлқынады, тулайды, еркіндікке шыққысы келеді. Ол ән Ұзынағаш, Отардың көк адырларынан өтіп, Қордай асуына көтеріле беріп, алдымнан қырғыз Алатауының ақ шаңқан шыңдары көрінгенде Даниярдың:

Ой, Ала-То-о, Ала-То-о! – деп ыңылдайтын әуезіне ұласады.

Мен Шыңғыс роман­тика­сының қызулы құшағына ендім.

Фрунзеде дүрілдеген әдеби кештер… соның бірі қырғыз университетінде оқушылардың зор дүмпуін тудырды. Мұнда жарқын ойлы, білімді жандар қырғыз әдебиетінде бұрын-соңды болып көрмеген ерекше құбылыс болғанына сүйіністі. Жәмила өзінің сыр-сымбаты, бар болмысы, мақсат-мұраты, еркін ойлы келбетімен жан біткенді ерекше қызықтырды. Қырғыздың тауларын Даниярдың қоңыр үні… биік те қуатты үні кернеді. Қырғыз жерінің інжу-маржаны дейтін Ыстықкөл, Чатыркөл, Соңкөл… бәр-бәрінде қырғыздарды таң­ғалдырған Даниярдың қазақ әуезі толқыды. Бұл жерлерде де қыздың бәрі Жәмилаға, бозбала Даниярға ұқсады.

Шыңғысқа ел ықыласы көл-көсір!

Өмір… ә, өмір қашанда өмір!

Оның өз жолы, өз заңы, өз мінезі бар. Қарға адымдай қысқа мезгілде ол сонысымен қымбат, сонысымен қызық әрі өкінішті де! Өмір – қиын құбылыс. Бей­маза күйбең. Оның дегеніне көнесің, көнбейсің, ол сеніменен «ойнағанды» ұнатады. Онымен сен де «ойнайсың». Оны жеңесің, кейде одан жеңілесің. Сонан соң «Ә, өмір!» деп қапылып, бас шайқаймыз, уһілеп. Солай.

Бұл өмірде күн мен түннің, жаз бен қыстың, гүл мен тіке­нек­тің, бал мен удың, күлкі мен жылаудың бары секілді ке­меңгерлік пен тоғышарлық та бар еді. Өмірдің айнымайтын бір тепе-теңдігі осы! Бірақ, о бастан өмірді қадірлі еткен, жарқырап сәуле шашқан, жарық берген Күн ғой…алтын Күн! Жадыратқан, шалқытқан Жаз ғой… Жаз! Махаббатқа ессіздікпен берілген мұңлықтарға ләззат болған Гүл ғой… Гүл! Адамды тамсанды­ра сүйсіндіретін Бал ғой… Бал! Өмір шырайы Күлкі ғой… Күлкі! Адамзаттың көкейкесті сөзін айтып, зұлымдық пен жау­ыз­­дыққа дес бермейтін құ­дірет Кемеңгерлік қой… Кемең­герлік!

О, осы кемеңгерлік... ол әлемді аң-таң қылған махаббаттың асқақ жыры – «Жәмиланы» әкелді, дүниеге! Ал тоғышарлық… о, құдая тоба, ол осы кемеңгерлікке біраз тауқымет болды.

Әдебиет қауымының ішінде көрінгеннің қарадүрсін ма­қаласынан әр нені шоқып, сыншы атанып жүрген желбуаздар… Сонау отызыншы жылдарда ептеп жазыла бастаған қарабайыр прозаның «корифейлері» Шың­ғысты «жазушы емес, қайдан шық­қан сұмдық, бұл?» деп дүр­кірей шуылдасты.

Дәл осы кезде «Жәмиланы» ой таразысына салып, толғанған қырғыздың бір өрелі сыншысы Кеңешбек Асаналиев: «Айырымдарга «Жәмиланын» кыргыз адабиятына келиши кадіресе эле окуядай болуп туюлду. Алар бул чыгарманын негизинде, түпкүрүнде жаткан «Жанар тоодай» кандайдыр бир сыйкырдуу күч жатканын байкашкан жок. Мындай болорун капарына да албады» деп жазды. Тоғышарлардың күңкілінен ықпай қалам тартқан сыншылар – Раиса Қыдырбекованың «Советская Киргизия» газетінің (1958 жыл. 21 қарашадағы са­ны) бетінде «Поэтическая про­за», Қамбаралы Бобуловтун «Советтик Кыргызстан» (1959 жыл. 22 ақпандағы саны) газе­тінде «Махаббат баяны» атты мақа­лалары «Жәмиланың» бүкіл совет әдебиетін даңққа бөлер келе­шегінің үміт сәулесіндей жал­тылдады.

Ілия ЖАҚАНОВ

(Жалғасы бар)

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.12.2017

БҚО Бөрлі ауданында Тәуелсіздік күніне орай бірнеше нысан ашылды

16.12.2017

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады (видео)

16.12.2017

Қостанайда бірінші коммуналдық қызмет орталығы ашылды

16.12.2017

Қызылордада мемлекеттік наградалар табыс етілді

16.12.2017

ОҚО-да медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

16.12.2017

Шымкенттегі кондитерлік фабрика жаңа өндірістік желісі арқылы 200 т өнім шығарған

16.12.2017

Google қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2017

Рух

16.12.2017

Павлодарда бүлдіршіндер арасында асық ойнаудан жарыс өтті

16.12.2017

Шығыста «Біз­дің жетістіктер – біздің елге» ат­ты ак­ция өтіп жатыр

16.12.2017

Көкшетауда «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақ елі» атты ақындар мүшәйрасы өтті

16.12.2017

Журналист Бекболат Әдетов Талғар ауда­­нының құрметті азаматы атанды

16.12.2017

Қазақ – қашанда қазақ!

16.12.2017

Көсегемізді көгерткен Көкарал

16.12.2017

«Метель» операциясынан бір күн бұрын...

16.12.2017

СҚО-да жеке кәсіпкер 80 адамды жұмыспен қамтамасыз етті

16.12.2017

Біржан елінің байрағы биіктеді

16.12.2017

Инновациялық кәсіпорында жаңа өнімдер қатары молая түсуде

16.12.2017

Ақтөбеде офтольмологиялық орталық ашылды

16.12.2017

Өскеменде 22 мектепке жаңа автобус берілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Жасампаз жылдар жылнамасы

Әйгілі Уинстон Черчилльдің «Та­рих біз туралы жақсы айтатын бо­ла­ды, себебі оны өзіміз жазамыз» де­ген сө­зі бар екен.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Елдіктің киесі

«Қазақ елі үшін ең басты құндылық не?» десе, мың-миллиондаған отандастарымыз: «Ол біздің алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты Тәуелсіздігіміз!», деп жауап қатары шүбәсіз.

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Намыс туралы нақыл

Ата-бабалардан мирас болып жет­кен Ұлы Даланың түпкі тари­хына­ бармай, ХХ ғасыр басында, тура 100 жыл бұрын Ресей патша­лығы құрдымға кетуге таяп, ақ пен­ қызыл айқасқан кеңестік жаңа импе­рия күш ала бастаған шақта, 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Алаш қай­раткерлерінің Алашорда автономиясын құру қадамы сан ғасыр­дың қойнауында қайнап піскен ұлттық намыстың тәуелсіз ел болуға ұмтылысының басы еді. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу