​Жақиянов тура мен сияқты – Рикки Хаттон

Жеңіл салмақта WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) бапкері Рикки Хаттон шәкірті жайлы boxingnewsonline.net сайтына ой бөлісті.
Егемен Қазақстан
05.04.2017 486

«Жанат Уорренді жеңген кезде бойымды керемет сезім биледі. Маған келгенге дейін Жақиянов ешкім емес еді, яғни бокс әлемінде танымал емес болатын. Бұл жерде оған деген құрметім төмен деген ой тумауы керек. Мәселе басқада. Ол әуесқой бокста үлкен жетістіктерге жетпеді, Олимпиада чемпионы атанбады, яғни «дайын» тұрған чемпион емес еді. Оны жаңа деңгейге көтеру үшін көп жұмыс істеу керек болды. Уорренді жеңеді деп ешкім күтпеді. Бірақ мен сендім. Себебі, дайындық кезінде оның чемпион болатынын көрдім. Ол мен сияқты. Өзі тап болған кез келген кедергіні жеңе алатын адам. Мен бұрын да айтқам, қазір де айтамын. Жанатты байлап қойғанда ғана жеңуге болады. Жанат нокдауннан кейін қайта күшейген кезде оның өзіне деген сенімі бүкіл залға сезілді.

Жанатты үлкен жекпе-жектер күтіп тұр. Джейми Макдоннелл, Райан Барнетт, Пол Батлер сынды боксшылармен жұдырықтасуы мүмкін. Жақиянов Қазақстаннан шыққан үшінші чемпион. Бұл үлкен көрсеткіш емес пе! 

Геннадий Головкинмен бірге Қазақстанда бокс кешін ұйымдастыру дейсіз бе? Бұл Жанаттың да, GGG-дың да арманы деп сенімді түрде айтар едім», – деді Рикки Хаттон.

Осыған дейін Жанат Жақияновтың, Бейбіт Шүменовтің (17-2, 11 КО) және өзге де боксшылардың қатысуымен 9 қыркүйек күні Астанада бокс кеші өтетіні хабарланған болатын. Сонымен қатар, EXPO-2017 көрмесі кезінде орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин шаршы алаңға шығуы мүмкін.

Айта кетейік, Жанат Жақиянов соңғы рет АҚШ-тың Огайо штатында америкалық Роуши Уорренмен қолғап түйістірді. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 115-111, 116-110, 111-115 деген ұпай беріп, отандасымызды жеңіске лайық деп шешті. Нәтижесінде, Жанат WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша жаңа әлем чемпионы атанды. Айқасқа ол WBA тұжырымының уақытша әлем чемпионы ретінде қатысты.

Бұл жекпе-жегіне дейін жерлесіміз жарақатына байланысты бір жарым жыл бойы шаршы алаңға шықпаған еді. Оның үстіне АҚШ-та ешкіммен жұдырықтасып көрмеген. Осы себепті сарапшылар Роуши Уорреннің жеңісіне сенімді болды.

Жанат қазір әлем чемпионы. Енді ол кіммен жұдырықтасуы мүмкін? Ал Рикки Хаттон айтқан үш боксшы кім?

Джейми Макдоннелл – британ боксшысы, IBF, WBA белбеулерінің иегері. 2010-2012 жылдары EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атанған. 31 жастағы спортшы бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 28-ін жеңіспен (оның 13-і – нокаут) аяқтады. Екі рет қарсыласына есе жіберсе, біреуінде тең түсті. 2013 жылдың мамыр айында IBF белбеуі үшін мексикалық Хулио Сейхамен күш сынасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал WBA атағына 2014 жылдың мамыр айында қол жеткізді. Бұл жолы ол тайландтық Табтимбаенга На Рахаватадан басым түсті.

Райан Барнетт – британ боксшы. 24 жастағы спортшы 15 рет жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Оның тоғызын нокаутпен аяқтады. 27 ақпан күні мексикалық Хосеафат Рейесті жеңгеннен кейін Жанатты күш сынасуға шақырды.

Пол Батлер. Британ боксшысы осыған дейін 24 рет кездесу өткізді. Оның 23-ін жеңіп, біреуінде есе жіберді. Кәсіпқой рингте 2010 жылдың желтоқсан айында дебютін өткізді. 28 жастағы былғары қолғап шебері 2013 жылдың 21 қыркүйегінде чилилік Мигель Гонсалесті жеңіп, WBA тұжырымы бойынша интерконтиненталды чемпион атанды. 2014 жылдың 7 маусымында отандасы Стюарт Холлды төрешілердің шешімімен жеңіп, IBF белбеуіне ие болды.

Дайындаған Аян Әбдуәли «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.06.2017

Сенат Төрағасының орынбасары Финляндия Республикасы Парламентінің депутатымен кездесті

26.06.2017

Петропавлда тұңғыш рет «ҚымызFest» фестивалі ұйымдастырылды

26.06.2017

Әскерилер өнері көпшілікті тәнті етті

26.06.2017

Қарағанды кәсіпорындары 2278 бос жұмыс орнын ұсынып отыр

26.06.2017

Шығыстың сарбаздары «Әскери керней» халықаралық фестивалінің Гран-при жүлдесін биыл да иеленді

26.06.2017

Маралды көлінің жағалауы демалушылар үшін абаттандырылмақ

26.06.2017

«Атамекен» Өзбекстанмен туризм саласында ынтымақтасу бойынша меморандум түзді

26.06.2017

Динара Сәдуақасова шахматтан FIDE-нің аймақтық чемпионы атанды

26.06.2017

Павлодар Ораза Айт мерекесіне 18 қазан палау дайындалды

26.06.2017

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Балқаш туризмін дамыту үшін көлік қатынасы жақсартылады

26.06.2017

ШҚО-да оқушылар үшін 889 демалыс лагерьлері мен алаңдары жұмыс істейді

26.06.2017

ШҚО-дағы Үбі өзені үстінен жаңа көпір салынады

26.06.2017

Павлодарда оқушылар киіз үй лагерлерінде демалады

26.06.2017

Павлодарда "Мен қазақпын"мега-жоба жүлдегерлері аталды

26.06.2017

Мәйіттің бүйрегін алу заңға қайшы келмейді

26.06.2017

Солтүстік Қазақстанда «Мағжан көктемі» республикалық фестивалі өтті

26.06.2017

30 маусымда ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

КОЛУМНИСТЕР

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй

Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұ­мыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгі­лерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қай­рат, қаржы жұмсау арқылы оны есе­леп қайтарып алу қамында көптеген жұ­мыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кәденің қадірін білейік

КСРО-ның бір қиырындағы Мурманнан екінші қиырындағы Владивостокқа бет алған 66 жастағы желаяқ жүгіріп келе жатқан жолынан бұрылып, Ұзынағашта екі сағат аялдады. Тайлы-таяғымыз қалмай ғажап жанды көрмекке аудандық партия комитетіне – қазіргіше, аудан әкімдігіне жиналдық. Орыс ақсақалы жүгіруді 20 жыл бұрын бастапты, кереметі – бір заманда алпыс екі тамырына құрсау салған 10 шақты ауруынан құлан таза айыққан.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Клай-фай жанры немесе әдебиеттегі табиғат апаттары

Бірер апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың қоршаған ортаны қорғауға қатысты Париж келісімінен шығамын деген еді. 2015 жылдың желтоқсан айында 194 мемлекет қол қойған Париж келісімі – ғаламдық жылыну процесін тежеуге арналған әрекеттер жоспары. Тараптар өздеріне климаттың өзгеруіне икемделу, техникамен қайта жасақтану, ауаға залалды заттардың шығарылуын азайту бойынша шаралар қабылдауға міндеттемелер алған болатын. АҚШ аталған келісімнен бас тартып отыр. Бір қуаныштысы, шығамын деген сәтте шыға салуға болмайды, бұл рәсім төрт жылға созылады екен. Осы жағдай есіме клай-фай жанрындағы әдебиетті түсірді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Үкілі үміт үдесі

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, Арқа төсіндегі ару Астанада жаһандық шара – ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірегеніне, міне, он күннің өрмегі ауды. Осы уақыт ішінде «Ұлттық жобаға» деген егемен елдің үкілеген үміті ақтала ма, Бүкіләлемдік жетіс­тіктер көрмесінің қос ғасырға тақау шежіресінде өткен көрмелер керуенінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің алар орны қандай дәрежеде болар екен деген сұрақтарға жауап іздеуіміз де заңды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Жік пен жіп

Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қан­дай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқан­дай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының сана­сын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәде­ниетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жаса­ғандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айт­пақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу