Қытайда қабығына «бақыт», «ұзақ ғұмыр» деген иероглифтер жазылған қарбыз-қауындар сатылып жатыр. Бұл жемістерін тез әрі тиімді бағаға сату үшін Гу Синьлян деген фермердің ойлап тапқан «қулығы» екен.
Қарбыз-қауыны дұрыс өтпей, күні бойы шақырайған күн астында тұрған Гу фермер іші пысып, тырнағымен жемістерінің сыртына «Фу», «Шоу» деп жазып қойған екен. Жазуы бар қарбыз-қауынының бәрі бір сағатқа жетпей сатылып кетеді. Сөйтіп, саудасы қызып сала берген фермер аз күнде 3 тонна қарбыз, 1 тонна қауын сатып, біраз табысқа кенеліпті. Фудың ерекше қарбыз-қауындары туралы жұрт әлеуметтік желіге жазып, журналистер хабарласып, қарапайым фермер аяқ астынан медиа-жұлдызға айналып шыға келді. Қазір ол жемістеріне клиенттері қалаған тілекті жазып беруге көшкен.
Қытайда «бақыт», «ұзақ ғұмыр», «денсаулық», «табыс» деген мағына беретін иероглифтерді түрлі бұйымдарға жазатын салт бар екен. Оны көбінесе біреуге сыйлық жасағанда өз қолдарымен жазуға тырысады.
Нұрхан АСҚАР

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше